Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:03, 05 Тамыз 2022

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

None
None

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», — делінген хабарламада

Тегтер: