Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:06, 30 Қыркүйек 2023

«Вагнердің» бұрынғы командирі Трошев «еріктілерді» жинай бастады

вагнер туралы
Фото: ТАСС

Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Андрей Трошев бұрынғы «Вагнерлерден» «еріктілер жасақтарын» құрады.

«Вагнердің»  бұрынғы командирі, кейбір сарапшылар «Вагнерлердің» басшысы ретінде Евгений Пригожиннің мұрагері деп санайтын Андрей Трошев «еріктілер жасақтарын» құрады. Мұндай тапсырманы оған Ресей президенті Владимир Путин РФ Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Юнус-Бек Евкуровпен кездесуінде берді.

Путиннің айтуынша, Трошевтың өзі «мұндай бөлімшеде» бір жылдан астам соғысқан және оның «қандай екенін» біледі. 

Трошев Пригожиннің мұрагері болды

Орыс тілді БАҚ еске салғандай, отставкадағы полковник, «Вагнер» штабының бұрынғы бастығы, «Седой» шақыру белгісі бар Андрей Трошев жеке әскери компанияның негізін қалаушы Евгений Пригожиннің көтерілісін қолдамаған.

Көтерілістен кейін 29 маусымда Владимир Путин «Вагнер» командирлерімен үш сағаттық кездесу өткізді. Осы оқиға туралы Владимир Путинмен сөйлескен «Коммерсант» газетінің тілшісі Андрей Колесниковтың хабарлауынша, Ресей президенті жауынгерлерге «бірнеше жұмыс нұсқасын, оның ішінде командир  Трошевтың тікелей басшылығымен жұмыс істеуді» ұсынған. Колесников «Вагнерлердің» кейінгі 16 ай бойы осы командирдің қол астында қызмет еткенін айтты.