Вакцина алғандар Ashyg қосымшасындағы жасыл мәртебесін жоғалтуы мүмкін
Вакцинацияланған азаматтардың Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесі қашанға дейін сақталатыны белгілі болды.
Бұл тураты Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында көрсетілді. 24 қыркүйектегі қаулы бүгін, 27 қыркүйекте күшіне енді.
Онда азаматтарға коронавирустық вакцинаның алғашқы компонентін алғаннан кейін бірден «жасыл» мәртебе берілетіні айтылған. Бұл мәртебе оларда 21 күн бойы сақталады. Егер осы уақыттан кейін адам екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде «көк»болады.
COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе бір жылға дейін сақталады.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойлар өткізуге рұқсат етілді. Эпидемиологиялық жағдай бойынша аймақтың қай аймақта орналасқандығы сол ұйымдастырушыға қанша адамды шақыра алатындығына байланысты.