Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:50

Валентина Хальзова бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Валентина Хальзова
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық әлем чемпионы Валентина Хальзова бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

 

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында өтіп жатқан турнирде (30 наурыз – 10 сәуір) ол 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Ширек финалда қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілі Суйеон Сонг қарсы шықты.

Жекпе-жек барысында Хальзова бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Екінші раундта да басымдық сақталып, төреші тағы екі мәрте есеп ашуға мәжбүр болды. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Валентина Хальзова кемінде қола жүлдені қамтамасыз етіп, жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, ол – 2016 жылғы әлем чемпионы және Қазақстанның үш дүркін чемпионы.