Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:17

Василий Малюк Украина қауіпсіздік қызметінің басшылығынан кететінін мәлімдеді

 Василий Малюк
Фото: СБУ

Украинаның қауіпсіздік қызметі (СБУ) басшысы Василий Малюк қызметінен кететіні туралы мәлімдемесін өзінің басқарған құрылымының ресми Telegram-арнасында жариялады.

«Украинская правда» басылымының деректеріне сүйенсек, Малюк қызметтен кету туралы шешімді ел президенті Владимир Зеленскиймен кеңескеннен кейін қабылдаған. Бұған дейін ол арнайы операциялар толық аяқталмағанын алға тартып, отставкаға кету туралы өтініш жазудан бас тартқан. Алайда жағдайды ушықтырмау және мемлекетке зиян келтірмеу мақсатында ақырында келісімге келген.

Президент Зеленский әлеуметтік желілерде Малюкпен және оның орнына келетін кандидатуралармен талқылау жүргізгенін хабарлады. Ол сонымен қатар Малюктің украиналық асимметриялық операциялар бағытын әлемдегі ең қуатты бағытқа айналдыру ұсынысын атап өтті:

«Басқыншыға және Ресей мемлекетіне қарсы украиналық асимметриялық операциялар көбірек болуы керек, жауды жоюдағы біздің нақты әрі қуатты нәтижелеріміз арта түсуі тиіс», – деді Зеленский.

Малюк қызметтен кеткеннен кейін де осы бағыттағы жұмысты СБУ жүйесінде жалғастыратыны белгілі болды.

Украина заңына сәйкес, елдің қауіпсіздік қызметі басшысының отставкасы күшіне енуі үшін Жоғарғы Рада оны бекітуі қажет. Осы уақытқа дейін СБУ басшысының міндетін «А» арнайы операциялар орталығының басшысы Евгений Хмара уақытша атқарады. Бұл туралы президент Зеленский тиісті жарлыққа қол қойды.

Тегтер: