Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:56, 13 Желтоқсан 2021

«Вечерний Алматы» газетіне – 85 жыл

None
None

Алматыда «Мост» бильярд клубында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Вечерний Алматы газетінің 85 жылдық құрметіне турнир өтті.

Жарысқа түрлі телеарналардан, мерзімді басылымдар мен ақпарат агенттіктерінен 32 өкіл қатысты.

Доданы «Alatau Aqparat» медиахолдингі ұйымдастырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс салаларының Одағы демеушілік етті. Аптасына үш рет басылып шығатын басылым қаланың тыныс-тіршілігін қалт жібермей, қырағы қадағалайды. Турнирге БСФ бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Роман Бузурходжаев бастаған Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының төрешілер алқасы додаға төрелік жасады.

Турнирдің ашылу салтанатында «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторының орынбасары Әнуарбек Әуелбек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін сөз кезегін алған ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы әрі демеушісі Ералы Сауранбаев:

 – Үздік БАҚ арасындағы үздік турнирде кездескенімізге қуаныштымыз! «Вечерний Алматы» – біздің іргелі басылымдарымыздың бірі. Биыл бұл газет 85 жылдығын атап өтіп жатыр. Бұл шара тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл біз үшін өте үлкен мейрам. Жеңімпаздарға арнайы қомақты жүлделеріміз бар, – деді.

Тартысты додада Еуразия бірінші телеарнасының шеф-редакторы Меймеш Умбетали турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Alatay Aqparat медиахолдингі бас директорының орынбасары Нұржан Шынтаев иеленді. Ал үшінші орын «Алматы» телеарнасының операторы Мұратбек Алмасханға бұйырды. Сондай-ақ Вечерний Алматы және Almaty aqshamy газеттерінің атынан ынталандыру сыйлықтарымен «Время» күнделікті газетінің редакторы Феликс Ғабитов және «Алматы» телеарнасы контент өндірісі департаментінің директоры Алмат Әбдіраман марапатталды. «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» ынталандыру сыйлығын  «Қазақстан» телеарнасынан Руслан Қосанов жеңіп алды.

Сонымен қатар бас демеушілер: Қазақстан Құрылыс салаларының Одағы басқармасының, ҚР БСФ және «Мост» бильярд клубының  арнайы сыйлықтарын «Жас қазақ» газетінің тілшісі Ерғали Бақаш, «Матрица.kz» порталының редакторы Серік Мәмбетов және «Караван» газетінің менеджері Руслан Разямов иеленді. 

Тегтер: