08:55, 04 Қазан 2023
Венецияда автобус көпірден құлап 20 адам қаза тапты (видео)
Венецияда автобус көпірден жолға құлап, 20-ға жуық адам қаза тапты.
Олардың арасында екі бала болған. Бұл туралы Mash басылымы жазды.
Автобус қоршауды бұзып өтіп, 10 метрдей ұшып, электр сымына тиіп, әп-сәтте отқа оранған. Ол метанмен жұмыс істегендіктен, кейбір адамдар тірідей өртеніп кеткен.
Апат Венецияның материктік кварталы Местре қаласында болды. Италияның ANSA ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 40-қа жуық адам жарақат алған.