Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:12, 30 Шілде 2024

Венгрия ресейліктер мен белорусьтар үшін елге кіру шарттарын жеңілдетті

g
Фото: tagesschau.de

Енді Ресей мен Беларусь азаматтары үшін «ұлттық карта» деп аталатын бағдарлама (Венгрияда тұруға рұқсат беру түрлерінің бірі) енгізіледі.

Бұл оларға кез келген салада жұмысқа тұруға және отбасын өзімен бірге алып келуге мүмкіндік береді. Мұндай шешімді Венгрия үкіметі шілде айының басында қабылдаған. Бұрын бұл бағдарлама тек Сербия мен Украина азаматтарына қатысты болатын.

«Ұлттық карта» екі жылға беріледі және оның мерзімін шектеусіз ұзартуға болады. Үш жыл тұрудан кейін карта иесі Венгрияда тұрақты тұруға рұқсат сұрай алады.

RND атап өткендей, Венгрияның көршілері жаңа ережелер бойынша тыңшылар немесе лаңкестер Еуропалық Одаққа «ұлттық картамен» кіруі мүмкін деп қорқады.

Ал, Еуропарламент мүшесі Сергей Лагодинский RND-ге берген сұхбатында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан «еуропалық көші-қон жүйесін бұзып, Кремльдің қызметшісіне айналды» деді.