Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:51

Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Әсем Әубәкір
Фото: скриншот

Вьетнамда 1999 жылы туған Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір жоғалып кетті.

Іздеу туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралуда. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шыққан.

Жоғалған қыздың әпкесі Рузанна Жүсіпованың айтуынша, Әсем Вьетнамда болып, Zeus Living City Center хостелінде тұрған. Ол кейін Ханой қаласына Қазақстан консулына бару үшін жолға шықпақ болған.

Іздеу хабарламаларында қыздың сыртқы белгілері де көрсетілген. Атап айтқанда, маңдайында тыртық бар екені айтылған.

Журналист Михаил Козачков та әлеуметтік желіде арнайы үндеу жариялап, қызды іздеуге көмектесуді сұраған. Ол Фукуок, Нячанг немесе Вьетнамның басқа қалаларында жүрген адамдарды ақпарат болса хабарласуға шақырды.

Туыстары жарияланған видеода көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысқа шығуды өтініп отыр.

Материал жарияланған сәтте Қазақстанның құқық қорғау органдары немесе Сыртқы істер министрлігі тарапынан іздеу нәтижелері туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Тегтер: