Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Әсем Әубәкір
Фото: скриншот

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткен табылды. Бұл қуанышты хабарды оның туған әпкесі жеткізді.

Туысының айтуынша, қазіргі уақытта қыз жергілікті полиция бөлімшелерінің бірінде отыр. Іздеу жұмыстары сәтті аяқталғанымен, жақындарының айтуынша, қазақстандықтың денсаулық жағдайы алаңдатарлық күйде.

«Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатады. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толық мәлімет бере алмаймыз. Ең бастысы – ол табылды», – деді Әсемнің әпкесі.

Туыстары әзірге тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның егжей-тегжейін жариялаудан бас тартып отыр. Қыздың осы уақытқа дейін қайда болғаны және оған нақты не болғаны әзірге айтылмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әсемнің Вьетнамда жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Оны іздеуге Қазақстан дипломаттары мен жергілікті құқық қорғау органдары да тартылған еді.

Тегтер: