Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:24, 08 Қаңтар 2024

Вице-премьер министр Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды

Серік Жұмағарин
Фото: из открытых источников

Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды. Ол Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығында жариялады.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жұманғарин Серік Мақашұлы Қазақстан Республикасынан «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалсын», — делінген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер болып тағайындалды. Оған дейін ол вице-премьердің міндетін атқарушы болды. Кейін министрлер кабинеті басшысының орынбасары, сонымен бірге сауда және интеграция министрі қызметін атқарды.