Волонтер жастар – қоғамның қозғаушы күші
Елімізде жастар жылы жарияланысымен, ерікті жастарға көптеп көңіл бөлініп келеді.
Әрі ерекше көңіл аударғанның себебінен жастар да ерікті болуға көптеп ұмтылуда.
Мемлекеттің келешегі жастардың қолында. Әрі қазіргі заманда жүрегі таза, үлкенге қамқор, кішіге ізетті жастар көптеп өсіп келеді. Жастардың белсенділігіне орай Мемлекет басшысы да арнайы үндеу жасап, өткен 2019 жылды Жастар жылы деп белгілеген болатын. Осыған сәйкес, жуырда ғана Аманат партиясының жастар қанатының сьезді өткен болатын. сьезді партия төрағасы Ерлан Қошанов аша отырып: «Өткізіліп жатқан реформалардың мәні неде? Десек, әрқайсыңызға еліміздің саяси өміріне, кәсіпке, басқа да қоғамдағы маңызды мәселелерге еркін араласау үшін тең мүмкіндік береді. Яғни, біздің жастарымыз келешекте әділетті, ашық қоғамы бар қуатты Қазақстанда өмір сүрулері керек. Мемлекет басшысының бастамасымен осы өзгерістердің барлығы да Конституциямызға енгізілді. Әрі заңдастырылды. Ендігі кезекте осы реформаларды іске асыруда – алдыңғы қатарда жастарымыз, әрине сіздердің болуларыңыз маңызды» деді.
Сондай-ақ жастарды елеп-ескеруге қатысты Ақмола облысы, Зеренді ауданында Жастар қанатының VІ сьезді өткізілді. Өткізілген сьезде еліміздің даму жолындағы қоғамдық-саяси мәселелерде жастардың қандай роль атқаратындығы мен трансформация мәселелері көтерілді. Ондағы басты сөзді Партия жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев алып, сьезді ашып берді. Сонымен қатар сьезде отансүйгіштікпен дәстүрлі құндылықтарға қатысты бүгінгі жастардың атқаратын рөлдері баса айтылып, елімізде әлемдік деңгейде дәстүрлі ойындардың жарыстарын өткізу ұсынылды. Осы орайда, медиа-волонтер Диас Камариданов шетелге ұлттық құндылықтарды әлеуметтік желі арқылы насихаттау керектігі жөнінде ұсыныс тастады. Ал Ариана Белобжицкая есімді ерікті мемлекеттік тілді дамытуға қатысты жастар арасында дәріптеу мәселелері жүргізілу керектігі жөнінде кеңірек тоқталды.
Сонымен қатар Біржан Оразов есімді Еуро – 2022 футзалының үздігі Аманат жастар партиясын алдағы уақытта «Жастар рухы» деп өзгертсек деген өз ұсынысын айтқан болатын. Яғни, партияның атауын өзгерту арқылы жастардың рухын көтере отырып, жаңа серпін берсе деген ниет те жатыр. делегаттар бұл ұсынысты қолдап, алдағы уақытта партия атауын өзгретуге болатынын толық қолдады.
Бұл жастарға жасалынып жатқан саяси көмек, қамқорлықдесек те болады. Себебі, қай кезеңде болсын, қай уақытта да жастардың болашаққа, келешекке ұмтылысынаосы бастан жағдай жасауымыз қажет. Әйтпегенде, қазіргі замана ағымы жастардың суицидке, нашақорлыққа, немесе өзге де қылмыстарға апаратындай жағдайда. Сол себепті, жастардың қажетсіз заттарғауақыты болмауы қажет деп есептейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарды қолдап, қолдау мақсатында бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеу үшін арнайы партия да, бағдарламалар да жасақтады. Тек жастар осындай қажетті партияларға өздері де ізденіп, келулері тиіс деп есептейміз. Себебі, жастар өздері белсенділік танытып, саяси, қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласып отырмаса, құр босқа итермелей беруден түк те шықпайды. Әрі жастардың өздері осындай жұмыстарға қатысып отырса, еңбектену арқылы табысқа жетуге болатындығына көздері жетер еді деп ойлаймыз.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жастардың партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты деп аталып, өздерінің жоспарға сәйкес жұмыстарын да бастап кетті. Атап өтсек, жақында ғана жас белсенділер Үндістанның Ченнаи қаласында өткен әлемдік шахмат олимпиадасына қатысқан Қазақстан құрама командасының мүшелерін Алматы қаласының әуежайында қарсы алды. Жеңіспен оралған спортшыларға «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілері гүл сыйлап, тілектерін білдіріп, қолдау көрсеткен болатын.
Бұдан бөлек, Аманат партиячһсының «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымы шахмат спортын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Соған орай, шахматты халық арасында кеңінен насихаттап, шахмат ойнайтын жастар мен жасөспірімдерді жинақтап, кезекті олимпиадаға қатысатындай деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Өйткені шахмат – өзге спорт түрлеріне қарағанда интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырушы тиімді әдіс. Осыған орай, бұл жарыс алдағы уақытта жыл сайын өткізілу жоспарға алынған. Әрі биылғы жылдыңмамыр айында елордада Аманат CUP турнирі ұйымдастырылып, оған екі жүзден аса спортшы қатысқан болатын. айта кететін жайт, осы уақытақа дейін Аманат партиясының белді мүшесі, партия белсендісіЖансая Әбдімәлік Үндістанда өткен ең мықты спортшылар қатысатын сайыста ойнап, дүбірлі додадан қола медальды жеңіп алды. Жансаяның бұл жеңісі өзге де спортшыларға мотивция беретіні анық.
Жалпы өзге де жастардың спортқа деген қызығушылықтары өте жоғары десек те болады. Әсіресе, қыздар спортта белсенділік танытып келеді. мәселен, Қазақстанның қыздар құрамасы Ченнаи қаласында өткізілген әлемдік қырық төртінші шахмат олимпиадасында бесінші орынды иеленді. Мұндай жеңіс еліміздің ұлттық құрама тарихынағы үздігі екенін айқындайды. Тағы атап айтар жайт, бұған дейін 2014 жылғы Әлемдік шахмат олимпиадасында қазақстандық қыздар алтыншы орынды иемденген болатын. сонымен қатар 1992 жылы және 1996 жылдары әлемдік олимпиадаларда екі рет сегізінші орыннан көрінді. Сол себепті де биылғы жеңіс те шахматшылар үшін үздік көрсеткіш саналады. Осы орайда, жастардың да спортқа деген қызығушылығының арқасында әлі де спорттан жоғары көрсеткіштерге ие боламыз деп сенеміз.