Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:59, 21 Шілде 2022

Волонтерлерді ынталандыруға қатысты заң қабылданады

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық пен волонтерлікке қатысты Үндеулері мен әр сөзінде тілге тиек етіп келеді.

Волонтерлікке қатысты ол өз сөзінде «Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің волонтердік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек волонтерлікпен айналысқан жастарға университетке, колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі. Қазіргі таңда бұл жақсы нәтиже деп есептеймін. Баршаңыздың бұған елеулі үлес қосқандарыңыз сөзсіз» деген болатын.  Президент айтып қана қоймай, кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстар аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар, сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды көздейді. Соған сәйкес, осы заң арқылы келешекте халықтың қайырымдылық пен волонтерлік шараларына жүйелі қатысуында ынталандыру деңгейі артады. Сонымен бірге осындай әлеуметтік пайдалы іспен айналысу мәдениетін дамыту мақсатында қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ақордадан бастап еліміздің әр өңірлерінде қайырымдылық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. сондай-ақ әр өңірде қайырымдылық ұйымдары құрылып, қарттарға көмек, балаларға көмек секілді жұмыстар да жүйесін тапты.

Мәселен, «Баракат жақсылыққа жол» волонтерлік ұймының ұйымдастырылуымен «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық акциясы өткізілген болатын.  Соңыра  акцияның өткізілу барысында жиырмадан астам блое бекеттердегі төрт жүз сарбазға ыстық тамақтар таратылды. Сондай-ақ Жетісу қалалық мәслихат депутаты Манликов Алишер Қайратұлы «Сбербанк» демеушілік білдірген. Қайырымдылық акцияға аймақтық «Мейірімді Жетісу» фронт-офисі мен «Ассамблея жастары» белсене араласқан болатын.  

Сонымен қатар қайырымдылық жұмыстарына Қызылорда облысында «Қайырымдылық – асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы өткен болатын. сауапты іс-шараға аз қамтылған көпбалалы он сегіз отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Оған волонтер ретінде ауылдың жастары белсене араласқан болатын. қайырымдылықты бастаған «Нұрболат» шаруақожалығының мүшесі Нұрболат Темірбекұлына тұрғындар дән риза.

Одан бөлек, Қазақстанның төңірек-төңірегінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және республикалық «Қайырымдылық істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында игі істер жалғасын тауып келеді.

Яғни, акция аясында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен әр өңірдің аудандарында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды. Нақты айтқанда, салмағы 50 килограммды құрайтын қорапта ең қажетті күріш, макарон, ұн, қант, май, шай өнімдері бар. акция барысында 100 отбасы ерікті жастар волонтерлардың арқасында көмекпен қамтамасыз етілді.

Қайырымдылық шарасы Шымкент өңірінде де жалғасын тауып келеді. шымкент облысы Шардара ауданындық мәслихатының депутаты Пернеқыз Смадиярқызы он бес көпбалалы отбасыға және аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созған болатын. Бұл туралы депутат:

  • Қиын уақытта ешкімнің шетте қалмауы және мұхтаждарға мүмкіндігінше көмектесу Жаратқанның алдындағы парызы, ар алдындағы – борышы. Өйткені барлық мұсылман үшін жасалған жәрдемнің сауабы екі есе, – дейді Пернеқыз Смадиярқызы.
  • Тағы бір айта кетерлігі, мемлекет тарапынан қайырымдылық жасаушылар мен еріктілерді ынталандыру мақсатында іскер әйелдердің мұрындық болуымен  «Қайырымдылық керуені» байқауы жүйелі түрде жолға қойылып, өткізіліп келеді.

Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау басты мақсат болып табылады. Сол себепті, қайырымдылық пен «Балалар жылы» аясында Қадыр Мырзалиев атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылы бітірген түлектердің ұйымдастыруымен бір күндік «Челлендж», «Жәрмеңке», «Акциялар» ұйымдастыылған болатын. Акция барысында 127 000 теңге көлемінде ақша жиналып, аталған қаржы ақ қан ауруына шалдыққан Шыңғырлау ауданының тұрғыны Нұрхат Талғатұлынының еміне аударылған.  Бұл балалар жылындағы ең керемет қайрымдылықтардың бірі деп есептейміз.

Бұдан бөлек, елімізде жағдайы қиын көптеген отбасыларға көмектесіп, баспаналы болуларына септігін тигізіп жүрген «Харекет» қайырымдылық қоры «1000 теңгеге баспана» жобасы бойынша баспанасы жоқ көпбалалы, жалғызбасты ата-аналарға, жетім-жесірлерге қолұшын созу мақсатында Алматы қаласында қүрылған болатын. Биыл қайырымдылық қоры тағы да жақсылық жасап, көптеген жарымжан отбасылардың бақытын екі еселеді. Ал қайырымдылық қорының негізгі жұмысына келсек, Қазақстан Республикасы бойынша «Харекет» қайырымдылық қоры төрт жылда жеті жүз жанұяға баспана сыйлап, бес мыңға жуық сәбилерге,  жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелерге баспана сыйлап, бақыт сыйлаған болатын.

Сонымен қатар алдағы уақытта қайырымдылық және еріктілер жобасына орай «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде қор осы уақытқа дейін қордаланып, жиналып қалған мәселелер бойынша бизнес пен азаматтық сектор бойынша қайырымдылық саласын дамыту мен қайырымдылық жасаушыларды қолдау бойынша ұсыныстарды жария еткен болатын.

Ендігі кездесуде «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қорға келушілерге іс-шараның маңызын, қордың негізгі бағыттары мен атқарылған жұмыстардың қорытындысына шолу жасайды. Сонымен қатар ауыр халдегі балаларды қолдау және «Қаңтар оқиғасында» зардап шеккен азамат-азаматшаларға көмек көрсетуге қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.  Сондай-ақ қайырымдылыққа арналған Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын кәсіпкерлердің қаражатымен толықтырып отыратындығын басқарма төрағасы баса айтқан болатын.

Ия, Мемлекет басшысының тапсырмасы көпшілікті бейжай қалдырмасы анық. Ендігі жолы қайырымдылық шаралары жоғарыда аталған жұмыстармен ғана шектеліп қалмасы анық. Әлде де, қайырымдылыққа арналоған жобалар, ұйымдар, қорлардың ашылатындығына сеніміміз мол.

Тегтер: