Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:20, 19 Тамыз 2024

Вячеслав Ким таеквондо федерациясының басшылығынан кетті

а
Фото: ossetia.tv

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті, олигарх Вячеслав Ким басшы қызметінен кетті. 

Бұл шешім Вячеслав Константиновичтің ҚТФ президенті лауазымында жасалған жұмысы мен қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесі болды, делінген федерация хабарламасында.

ҚТФ президентімен бірге вице-президенттер Қанат Толғатұлы Сағынаев, Шадияр Әлжанұлы Қондыбаев, Арман Константинұлы Шылманов, бас хатшы Олжас Талғатұлы Бесбаев та өз қызметтерінен кеткен. 

Айта кетейік, қазақстандық таеквондошылар Париж олимпиадасында ешқандай жүлде алған жоқ.  

Ал, Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды және ең бай бес бизнесменнің бірі. 2002 жылдан бері Вячеслав Ким Forbes Kazakhstan журналы жыл сайын жариялайтын Қазақстанның ең бай адамдары тізімінің басында келеді. Ол 2012 жылы 24-ші орыннан 2024 жылы 1-ші орынға көтерілді, оның таза табысы $5 800 миллионға бағаланды. Ким әлемдік миллиардерлер тізімінде 511-ші орында. Ал, өткен жылы ол Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде бірінші орынға шықты

 

 

Тегтер: