Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:28

WP: Пентагон Иранға қарсы соғысқа қосымша 200 млрд доллар сұрап отыр

АҚШ ұшағы
Фото: AP

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ақ үйден Конгрестен Иранға қарсы соғысты қаржыландыру үшін қосымша 200 млрд доллардан астам қаражат сұрауды өтінген.

 Бұл туралы The Washington Post басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Пентагонға қару-жарақ қорын шұғыл толықтыру үшін қосымша қаржы қажет. Өйткені Иранға қарсы үш аптаға созылған қарқынды соққылардан кейін АҚШ-тың әскери қорлары айтарлықтай азайған. The Washington Post жазуынша, соғыстың алғашқы аптасында ғана АҚШ 11 млрд доллардан астам қаражат жұмсаған.

Ақ үйдегі дереккөздер Конгресс мұндай көлемдегі сұранысты мақұлдауы екіталай деп санайды. Себебі сұралған сома Ресейдің Украинаға басып кіруінен бері көрсетілген жалпы көмектің көлеміне (шамамен 188 млрд доллар) жуық. Сондықтан кейінгі екі аптада Пентагон Ақ үйге Ирандағы соғысты қаржыландырудың бірнеше балама моделін ұсынған.

Сарапшылар мен шенеуніктердің пікірінше, бұл сұраныс Конгрестегі АҚШ-тың Иранмен соғысына деген саяси қолдаудың деңгейін көрсететін маңызды сынақ болмақ. Олардың бағалауынша, демократтар мен кейбір республикашылдар бұл бастаманы тоқтатуға тырысуы мүмкін.

Сонымен қатар, Пентагонның жоспарына АҚШ әскери-өнеркәсіп кешенінің өндірістік мүмкіндіктері де кедергі келтіруі ықтимал. Қысқа мерзімде қару-жарақ өндірісін жедел арттыру мүмкін емес. Қорғаныс министрлігі бөлінетін қаражатты күрделі әрі қымбат қару түрлеріне жұмсауды көздеп отыр. Алайда олардың өндірісі жұмыс күші мен стратегиялық маңызды материалдарға тәуелді.

Тегтер: