Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 15 Қаңтар 2024

X Фредерик Данияның жаңа королі болды

Дания
Фото: из открытых источников

X Фредерик 52 жыл бойы елдің патшайымы болған анасы II Маргретенің орнына таққа отырды, деп жазды zhasalash.kz.

Kommersant.ru-дың  хабарлауынша, II Маргрете патшайым Копенгаген қаласындағы Кристиансборг сарайында үлкен ұлының тақты беру үшін арнайы құжатқа қол қойды. Ол жарты ғасырдан астам уақыттан бері елдің патшайымы болғанын, осы уақытта Дания корольдігінің дамуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасағанын айтты.

Содан кейін сөзінің соңында «Е, Жаратушы бір Құдайым, патшаны сақтай гөр», – деп орнын босатып, залдан шығып кетті.

83 жастағы II Маргрете елдің 900 жылға жуық тарихында тақтан өз еркімен бас тартқан алғашқы монарх болып отыр.

II Маргрете патшайым тақтан бас тартқан соң, премьер-министр Метте Фредериксен Кристиансборг балконынан үш рет «Ура!, Ура!, Ура!», деп Х Фредерикті король деп жариялады.

Патшаны сарай жанындағы алаңда оны әйелі, қазіргі ханшайым Мэримен және балаларымен бірге көпшілік қарсы алды.