Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:15, 14 Мамыр 2020

Ясауи ілімінің Ұлы дала хандарына рухани ықпалы

Сопылық қазіргі Қазақстан мекендеген және тарихымызда Ұлы дала дегенатаумен мәлім болған аймақта кең қанат жайған исламның діни дүниетанымы болыптабылады.

Ол – жалпы, дүниежүзілік ғылымдағы аса күрделі мұсылман дүниесінекеңінен таралған діни бағыт. Сопылық бағытты зерттеуде өзінің еңбектерімен ерекшеленгенбелгілі шығыстанушы  Әбсаттар қажыДербісәлі бұл мәселеге байланысты мынаны атап көрсеткен еді: сопылықтың мұндайкеңінен таралуының себептерін оның ислам әлеміне жоғары моральдық-этикалықидеалдарды алып келуімен және бұл ілімнің халықтың дәстүрлі культін, дінинанымын, мұсылмандық аясына икемдеп түсіруімен түсіндіруге болатын шығар.

Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ даласы үшін сопылық идеяларын насихаттағанҚожа Ахмет Ясауи (1093-1167 жж.) еңбектерінің маңызы аса зор. Ол – шын мәніндебарлық түркітілдес халықтардың, сопылардың атасы. Сондықтан да сопылықтыдәріптейтін жүздеген түркітілдес насихатшылар оны пір тұтады. Ясауидің жолыәулиелікке және діни танымға алып баратын және ежелгі түріктердің дінінығыстырып шығаратын, айналадағы өмірді тану жолы болып табылады. Ол жаңа исламөркениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, тарихымыздағы Алтын Орда жәнеҚазақ хандығы тәрізді мемлекеттерді рухани және саяси тұрғыдан қалыптастырудамаңызды орын алды.

Әрине, бүгінгі күні сопылық тариқат бұрынғы тарихи кезеңдердегідей дінитұрғыдан аса ықпалды рөл атқармайды. Солай бола тұрса да, исламның ішіндегісопылық дәстүрлер түркі халықтарының, соның ішінде бүгінгі қазақ халқыныңрухани өмірінде идеялық құндылықтардың негіздері ретінде қарастырылуда. ҚожаАхмет Ясауидің бес түрлі құжаттық қолжазбалары ЮНЕСКО-ның тізіміне ілініп, оныңөзінің барлық түркі халықтарының рухани атасы болып табылатыны бүкіл дүниежүзінемойындалды. 63 жасқа, яғни пайғамбар жасына келген әулиенің қалған өміргеқарсылық білдіріп, жер астындағы хилуетте өмір сүруге шешім қабылдағаны барлықмұсылманды терең ойландырады. Ол қалдырған рухани мұралар, қолжазба ақындықшығармалар және философиялық трактаттар он ғасырдан бері өмір сүріп келе жатыржәне олар мазмұны жағынан қасиетті Құранды байыта отырып, орта ғасырлардағыислам мәдениетінің іргетасына айналды. Сонымен қатар суфизмді тек діни ағымретінде ғана емес, рухани поэтикалық шығарма түрінде де дүниежүзілік мәдениетмойындап отыр.

Ұлы дала аймағында исламдық, соның ішінде сопылық ілімнің таралуы туралыайтқанда о баста Моңғол империясының исламды дін ретінде қабылдамай, тіптіхалиф Мустасиммен жаулық қатынас ұстанғаны белгілі. Солай бола тұрса да, Шыңғысханның немересі Батудың билік жасаған жылдарында оның кейбір інілерімұсылмандықты қабылдай бастады.  Бұлардыңішінде әсіресе көзге түсетіні Алтын Орда тағына отырған Берке хан болды. Ол жаскезінде-ақ Ходжент қаласында ғалымдардың бірінен Құранның сүрелерімен жан-жақтытанысты және оның Бұхарадан шыққан мұсылман ғалымдарымен тығыз қарым-қатынасұстанғаны белгілі. Араб авторларының айтуына қарағанда, ол Бұхарада болып,сондағы әйгілі сопы, шейх Сайф-ад-дин Бахарзидан тәлім-тағзым алып, исламдықабылдаған. Деректердегі мәліметтер бойынша бұл оқиға Беркенің 1251 жылыМоңғолиядағы құрылтайда Мөңке ханды Ұлы хан етіп жариялаған жиыннан қайтаржолында орын алса керек. Бұл 1251 жыл болатын.

1257 жылы таққа отырған Берке тағы да Бұхарада болып, атақты улемдарға(дінтанушы ғалымдарға) құрмет көрсету мақсатын орындап, исламның негіздеріментерең таныса түскен. Мысыр ғалымдарының айтуынша, Берке ғана емес, оның әйеліжәне кейбір әмірлері де мұсылмандықты қабылдаған. Мұндай кісілер өздерініңжанында рухани ұстаз ретінде имамдар ұстаған. Ал олар болса хан сарайында азаншақырып, намаз оқуды жолға қойған. Беркенің тұсында исламдықты қабылдағанәмірлердің киіз үйлерді мешіттерге айналдырып, көшкенде өздерімен алыпжүргендері деректерде айтылады. Сонымен бірге осы заманда балаларды оқыту үшіндіни мұсылман мектептері де ашыла бастады. Сондықтан да Берке ханның ордасындадінтанушы ғалымдар әрқашан құрметті тұлғалар болып есептелінді.

Дегенмен де көшпелілерде орын алған пұтқа табыну және шамандық дәстүрлеріАлтын Орданы Берке хан билеген жылдары толық жойыла қойған жоқ. Яғни бұлзаманда Алтын Орданың халқы жаппай исламдануға бет бұрды десек, артық айтаредік. Өйткені тарихи деректер өзі мұсылман Беркенің кезінде исламдық дәстүрменқатар, бұрын өзі халықпен бірге ұстанып келген пұтқа табынудың дәстүр-салттарында қатаң сақтағанын байқатады. Осы тұрғыдан алғанда өзен суына жуынуға тыйымсалатын ежелгі дәстүрдің жаңа дін-ислам талаптарына қайшы келгенін атап айтқанжөн. Кезінде Шыңғыс ханның өзінде қонақ болған, Қытайдың әйгілі даоист ғалымыЧань-Чунь моңғолдарды сумен жуынбағаны үшін сынаған еді. Осы пұтқатабынушылардың ұстанымы Берке ханның тұсында да көрініс берді. 1263 жылы Мысырелшілері Еділ бойына Берке ханның ставкасына келгенде оларды алдын ала «қаржеуге болмайды, Ордада көйлекті жууға болмайды, ал ондай жууды жасау қажетболса, оны астыртын жасаған жөн» деп ескертуі осының анық көрінісі болыптабылады.

Жалпы, Алтын Орда байырғы пұтқа табынушы көшпелілердің мемлекетіболғандықтан, ондағы бұрын кең таралып кеткен пұтқа табыну шарттары ел арасынажаңадан тарала бастаған ислам қағидаларына табанды түрде қарсылық білдірді.Мұның өзі Берке ханнан кейінгі Алтын Орда хандарының исламды емес, бұрынғыпұтқа табынуды ұстанып қалуларына ықпал жасағанын деректерден айқын аңғаруғаболады. Алайда біртіндеп, бәрібір Алтын Орда хандарының өмірінде исламдыққағидалар бұрынғы діни ұстанымдармен қатар өмір сүре бастады. Мысалы, Тоқта ханпұтқа табынушы болса, ал оның баласы исламды жақтаушы болды. Деректерде оның Құрансүрелерін тыңдауды ұнатқаны және мұсылмандықты насихаттау қажет екенінтүсінгені атап көрсетіледі.

   Жағдай біртіндеп бәрібір өзгерді.Исламның имандылықты насихаттайтын қасиетті қағидалары және сопылықтың руханитазалыққа шақырған даналық өсиеттері адамдарды баурап алды. Сондықтан да Тоқтаданкейін Алтын Ордаға хан болған Өзбектің тұсында (1313-41 жж.) Алтын Ордадаисламның таралуы мықтап қарқын ала бастады. Ибн Халдунның айтуы бойынша, Өзбекхан таққа отырған соң, өзін исламды жақтаушы ретінде айқын танытты. Ол біріншікезекте көптеген шамандарды және будда ламаларын өлтірді, исламды насихаттаудымемлекеттің міндеті ретінде жариялады. Ол осы бағытты ұстанып, соборлық мешітсалдырды және онда бес мезгіл намаз оқып, бұрын кең таралған баскиім – моңғолқалпағын киюден бас тартып, жарқыраған алтын белбеу тағуды қойып, қарапайымөмірге шақыратын имандылық жолын таңдағанын мәлімдеді.

Әбілғазының түрік шежіресінде Өзбек ханды исламға кіргізген түркістандықшейх Саййд-ата сопының оған сұлтан Мұхаммед Өзбек хан деген жаңа ат бергеніатап көрсетіледі. Шындығында да, осындай есім Өзбек ханның атынан шығарылғантеңгелерде жазылған. Өзбек ханнан бастап, барлық Алтын Орда хандарымұсылмандықты қабылдап, өздерінің төңіректеріне ислам сопыларын шоғырландырып,өздерінің бұрынғы түрік есімдеріне қосымша жаңа мұсылмандық есімдерді деқабылдады. Мысалы, Жәнібек ханның мұсылмандық есімі Сұлтан Жалал-ад дин Махмұдболса, ал Бердібек ханның мұсылманша есімі Сұлтан Мұхаммад, ал Тоқтамыс хандыкіСұлтан Насир-ад дин болды. Мұндай түркілік есіммен қатар, мұсылмандық ат қоюдәстүрі ислам және оның сопылық бағыты кең насихатталған Алтын Орданың тікелеймұрагері – Қазақ хандығы тұсында да орын алды.

Осы көшпелілер мемлекетінде Ясауи ілімін кеңінен насихаттаған қожалар менсопылар қазақ хандарын белсенді түрде қолдап, олардың исламдық рухтатәрбиеленуіне зор үлес қосты. Мұны қазақ хандарының есімдерінен айқынбайқаймыз. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі Әз Жәнібек мұсылманша ӘбуСайд аталса, Ақназар – Хақназар, Есім хан – Ешмұхаммед, Қайып хан – Ғайып,Сәмеке хан – Шахмұхаммед, Тәуекел хан – Тәуекел-Мұхаммед баһадүр, Әз Тәуке –Тәуекел Мұхаммед, Тұрсын хан – Тұрсын Мұхаммед, Әбілхайыр хан – Мұханбек Ғази Баһадүр,Абылай хан – Әбілмансұр деген атпен тарихқа енді. Сонымен қатар қазақхандарының арасында өмір бойы шыр етіп дүниеге келгенде қойылған мұсылмандықесімін сақтап қалған хандар да белгілі. Олар – Қожа Ахмет, Тахир, Оразмұхаммеджәне т.б.

XIV ғасырдың ІІ ширегінен бастап Шағатай ұрпақтары билеген Жетісу өңірімемлекеттерінде де ислам ресми дінге айнала бастады. Сөйтіп, осы XIV ғасырдабұл қасиетті дін және оның сопылық дүниетанымы Ұлы дала аймағында мемлекеттікдінге айналды. Әрине, ислам бұрын моңғолдар билеген барлық аймақта кеңіненқанат жая алған жоқ. Моңғолия мен Қытай аймағы бұрынғысынша ескі діндердіұстанып қалды. Ал Араб ықпалына ұшыраған Алтын Орда және Қожа Ахмет Ясауидіңсопылық ілімімен рухтанған Алтын Орданың шығыс бөлімі, яғни қазіргі қазақ жеріисламды жеделдете қабылдай бастады. Алайда оңтүстік Русьта Қырым және Еділбойында ислам мешіттері славяндардың бұрынғы дінімен текетіреске түсіп,христиандық шіркеулермен және монастырьлармен қатар бой көтерді. Сондықтан даосы заман деректерінде мұсылмандармен қатар, кәпірлердің де Алтын Орда аймағынмекендегендері туралы мәліметтерді кездестіруге болады.

   Алтын Орда билеушілерінің ХІІІ-XIV ғғ. өз қол астындағылардыңдіни сенімдерін құрметтегендері және оларға төзімділік танытқандары жақсыбелгілі. Мұндайда мынандай ерекшелікті де айта кеткен жөн, ислам дініннегізінен Алтын Орда мемлекетін билеуші элита және қала халқы ықыластанақабылдады. Ал бүгінде Ұлы дала деген атпен белгілі болған Дешті Қыпшақтыңкөшпелілеріне келетін болсақ, олар исламның және сопылықтың қағидаларын үстіртқабылдап, негізінен өздерінің ескі, шамандық дүниетанымдарына жүгінумен болды.Мұны олардың өлгендерді жерлеуді ежелгі пұтқа табыну дәстүрімен жүргізуі айқынбайқатады.

Дегенмен Алтын Орда хандарынан, әсіресе соның ішінде Өзбек ханнан руханимұра ретінде қалған исламды дәріптеуді және насихаттауды көшпелілерді билегенәмірлер мен хандар өздерінің басты мақсаттарына айналдырды. Мысалы, деректер XVғ. басында Әмір Едігенің Қыпшақ даласын күшпен исламға кіргізуге әрекеттенгенінатап көрсетеді. Алайда тұрмыс-салттарында пұтқа табыну мен шамандықтыңэлементтері берік орнығып кеткен көшпелілер XVІІ ғ. дейін исламды бұрынғыдіндерінің салт-дәстүрлерімен араластырып, өзіндік ерекшелігі бар діни  наным-сенімді қалыптастырды. Бірақ қазаққоғамында қыпшақ бірлестігінің күшеюіне байланысты XVІ ғ. бастап мұсылмансүнниттерінің ханафиттік бағыты күшейе бастады. Бұл ілім құқықтық құдайға сеніммектебі ретінде осы бағытты негіздеуші Әбу Ханифа Нуман Ибн Сәбиттің (699-767 жж.)есімімен аталады. Кезінде көшпелілер қоғамына кеңінен таралған дәстүрліисламның ханафиттік мәзһабы енді ең демократиялық және ең сабырлы діни сенімгеайналуда. Бүгінгі күні бұл исламдағы гуманистік құндылықтың тамаша дәстүрлеріннасихаттаушы бағыт болып отыр. Қазіргі күні исламдық құдай жолын ұстанғандүниежүзі мұсылмандарының 48 пайызы, яғни бүкіл Жер шары халқының 6/1 осы ханафиттікислам мектебін ұстанатыны белгілі. Бұл діни бағыт қазір Ауғанстан, Пәкістан,Үндістан, Түркия, Ресей Федерациясы, Татарстан, Башқұртстан, Қарашай-Шеркесия,Кабардин-Балкария, Шығыс Түркістан, Орталық Азия мен Қазақстанда кеңінентаралған.

Дегенмен де бұл қасиетті діни бағыт өзінің қалыптасу тарихында үлкенқиыншылықты басынан өткізді. Ол өзінің даму жолында бұрынғы діни наным-сенімдерқалдықтарын ығыстыруға бағытталған үлкен кедергілерден өтті. Қазақ даласынажаңа діни ағымды кеңінен насихаттауда өзі Сайрамда туып-өскен  ақын, сопы Қожа Ахмет Ясауидің араб, парсыжәне түрік тілдеріндегі өлеңдері үлкен ықпалын тигізді. Қазақтар арасындасопылық бағыттағы поэтикалық мәдениеттің көрнекті өкілі Асан Қайғы Сәбитұлыболды. Ол –  өзінің шығармаларындасопылық дүниетанымды насихаттайтын исламның және сопылықтың мемлекеттікидеология деңгейіне көтерілуіне ықпал жасаған тұлға.

Бұхара медресесінде оқыған Ясауидің ұстазы Арыстан Бап болғаны белгілі.Дешті Қыпшақтың кең даласына бұл әулиенің есімі кеңінен мәлім болды. Оныкөшпелілер ең алдымен Ахмет Ясауиға алғашқы ұстаз (пір) болған адам ретіндемойындады. Сонымен қатар Қазақ хандығы тұсында көшпелілер Арыстан Бапты барлықсопылардың рухани ұстазы ретінде де таныды. Арыстан Баптың әулиелігі халықарасында кеңінен таралып, оны қазақ хандары да өздеріне пір тұтты. Әулиеніңбасына зиярат етушілер түнеп, ғибадат жасады. Қыпшақ даласында ел арасында«Арыстан Бапқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз кеңінен таралды.Яғни көшпенділер Арыстан Баптың есімін Қожа Ахмет Ясауимен байланыстырып,сопылық ілімнің пірі ретінде аса қатты құрметтеді. Мұның басты себебі АрыстанБаптың есімін Ахмет Ясауидің өзінің де қасиет тұтуы еді. Ахмет Ясауидің «ДиуаниХикмет» атты еңбегінде ұстазының есімі аталып өтеді.

Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» даналық кітабы түркі халықтарының еңежелгі мұралары ретінде қазақ даласында да сопылар мен қожалар арқылы кеңіненнасихатталды. Бұл ілім исламның және мұсылмандық мистицизмнің ОңтүстікҚазақстан аймағындағы түрік халықтары арасында таралуына үлкен ықпал жасады.Исламдағы осындай түріктік мистикалық танымды насихаттаушы сопылар көшпелілермекендейтін Ұлы далаға кеңінен таралып, халықтарды имандылықпен тәрбиелеуге зорүлес қосты. Түріктердің санасына тереңдеп енген Ясауи қағидалары қазақақындарының және жырауларының шығармашылығына да зор ықпал жасады. Көзінің тірікезінде-ақ әулие ретінде мойындалған Қожа Ахмет Ясауиға Орта Азияныңтүкпір-түкпірінен табынушылар келе бастады. Қазақ хандығы тұсында Қожа АхметЯсауидің қабірі мінәжат ететін орынға айналды. Атақты әулиенің соңында көптегеноқушылары мен шәкірттері, жолын қуушылар қалды. Олар ұстаздары Қожа Ахметкееліктеп түрікше жазатын болды. Мұндайда Кәкімата немесе Сүлеймен Бақырғантәрізді Ясауи жолын ұстанған тұлғаларды бөліп айта кеткен жөн.

Қожа Ахмет Ясауидің әулеті жоғарыда аталған атақты имам Мұхаммед ибнәл-Ханафиядан бастау алады. Оның шешесінің арабтардың халифі шыққан тайпаданекені белгілі. Қожа атанған олар Алтын Орда заманынан бастап көшпелілердіңрулық, тайпалық құрылымдық шежірелерін жазбаша негіздеушілерге айналды. Қожаларәулетінде Аққорған қожалары қазақтардың Ұлы жүзіндегі және Орта жүздің бірбөлігіндегі ру-тайпалардың рухани ұстаздарына айналды. Сонымен қатар оларЖошының ұрпақтары болып табылатын Шибаннан тарайтын сұлтандарға да имандылықтынасихаттады. Ал диуана қожалар  Ұлы жәнеОрта жүздегі кейбір руларға, соның ішінде Жошының үлкен ұлы Еженнен тарағанұрпақтарға, нақтырақ айтар болсақ қазақ хандарына, рухани көсем болды. Хорасанқожалары қазақтардың Орта жүздің бір бөлігіндегі және Кіші жүздің барлықруларына рухани ықпал жүргізді.

Мысалы, Қарахан қожа Ұлы жүздің кейбір рулары мен тайпаларына және оларменараласқан қырғыздар мен өзбектерге рухани жетекші болды. Ясауи әулетінен шыққанқожалар қазақ даласында рухани-мәдени және дәстүрлі шараларды жүзеге асыраотырып қазақ халқының біртұтастығын қалыптастыруда және қазақ мемлекетін рухани-идеялықтұрғыда қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарды. Қожалар әулетінің Қылышты жәнеСабылт бұтақтары нақшбандия діни ағымын ұстанды. Алтын Орда билеушілерінің жәнеқазақ хандарының кейбіреуінің осы діни ағымның ықпалына түскендері белгілі.Мысалы, Алтын Орда ханы Өзбектің ұлы Жәнібек (1342-57 жж.) өз заманында сопыБахауддин нақшбандының Бұхара қаласынан насихатталған Қожа Ахмет Ясауидің жолынжалғастыратын ілімін қызу қолдады. Ол осы суфилік бағытты қазақ даласында ШығысТүркістанда, Еділ бойында насихаттайтын Бахауддиннің мүриттерінің қызметінеәрқашан қолдау жасады. Нақшбандия сопылары Қыпшақ даласында ғана емес, Оралжәне Еділ бойындағы фин-угор және түрік халықтары арасында да насихаттаржүргізді. Бахауддин нақшбандының қазақ даласында да кеңінен мәлім болғанынхалық дастаны «Қыз Жібек» эпосында оның есімінің аталуы дәлелдей түседі.

Қазақ хандығында қожалар ерекше құрметтеліп, оларға құқықтық тұрғыданартықшылықтар берілді. Алғашқы қазақ хандарының бірі аса құдіретті Жошыданкейінгі Дешті Қыпшақтағы ең мықты хан атанған Қасым хан Қожа Ахмет Ясауиданбастау алатын сопылық бағытты қызу жақтады.

Тарихи деректерден Қасым ханның сопылық бағытты ұстанып қана қоймай,сонымен бірге исламға адал берілген мұсылман-сүннит болғанын да көреміз. Оныңатақты Бұхар шейхі Әбу Бәкір Са’дтың мүриті болғаны белгілі. Қасым ханныңмұндай имандылығы оған деген халық құрметін күшейтіп, оның беделін арттыратүсті. Әбу Бәкір Са’д XVI ғасырда Орта Азияның рухани және саяси өмірінде үлкенықпалды имам болғаны белгілі.

Көшпелілер құрметтеген сопылық, тасауф – исламдағы діни-философиялық ілімгежатады. Сопылық Алланы тануға баратын ислам ілімі ретінде қалыптасты.Көшпелілердің түсінігінде сопы дегеніміз – ақиқатты сүйіспеншілік пен тақуалықарқылы іздеуші. Алайда сопылық ілім бойынша ақиқатты тек кемел адам ғана таниалады, ал кемел адамның дәрежесіне жетіп, Алламен дидарласу үшін төрт сатыданөту керек. Олардың біріншісі шариғат болса, екіншісі – тариқат, үшіншісі –мағрифат, ең соңғысы – қақиқат. Байырғы VІІІ ғ. соңында, ІХ ғ. басында өмірсүрген алғашқы сопылар жүн шекпен киіп, тақуалық өмір салтын ұстанып, құран менсүннетті қатаң сақтаған. Олар Құран аяттарының мәніне терең үңіліп, одан адамболмысына қажетті идеяларды іздестірген.

Қазақ хандарының арасында исламның осындай сопылық идеяларына адал берілгенхандардың бірі – Тәуекел (Тәуекел Мұхаммед Баһадүр) хан. Ол негізіненмедреселік деңгейде жеткілікті білім алған, парсы тілін жақсы меңгерген, өзі дедіни нақылдарды жаттап, маснави құрастырумен белсенді түрде айналысқан, руханижағынан аса иманды тұлға болды. Оның әкесі Шығай хан кезінде төңірегіне Ясауидіңжәне Нақшбандияның сопылық білімдерін терең меңгерген діни сауаты жоғарысопыларды топтастырған еді. Жастайынан Тәуекел осы сопылардың діни әңгімелерінтыңдап өсті. Мұның өзі Тәуекел ханның имандылық ұстанымына шешуші ықпал жасады.Өзі де айналасына қожалардан шыққан сопыларды көптеп топтастырған Тәуекелжүрген жерінде сопылық ілімдерді насихаттаумен болды және бұл істе басқаларғаүлгі көрсетті. Мысалы, деректердің бірінде мынандай мәлімет бар. Тәуекелжорыққа аттанған қалың қолымен Самарқандқа бара жатқан жолында Қанигиле дегенжерде нақшбандия сопылық ілімінің аса көрнекті өкілі Қожа Исқақ Хазірет ишандыкездестіріп, өзінің соңынан ілескен 120 сұлтанымен және қасындағытуған-туыстарымен, бала-шағаларымен бірге оған бағыныштылықпен бас иіп,Хазіретпен бірге Жаратушыға құлшылық жасап, өздерінің исламға адалдығынқайта-қайта айтып, Хазіретке мүрит болатынын мәлімдеп, үлкен толғаныспен, жанкүйзелісімен жылап-сықтап, діни мінәжаттар жасады. Ол өзі бастап Қожа Исқақ Хазіреттіңқолындағы қасиетті  ағашына бетін сүйкеп,Құдайға мойынсынғандарының белгісі ретінде мойындарына арқандар асып, айдаладажер дүниені күңірентіп Жаратушыға жалынумен болды. Деректе жазылғандай, өксікпен өкінішке толы адамдардың күңіренген үні ұзақ уақыт бойы жеті қат аспандыжаңғыртып, оны Құран сүресінің қасиетті үнімен тербеп, айналаға жан бітірді.Өздері аса құрметтеген және әулие тұтқан Қожа Исқақ Хазіретті Тәуекел хан жәнеоның мүриттікті қабылдаған серіктері арбасымен қоса, Самарқандға дейін жергетигізбей көтеріп барды.

Тәуекелдің бауыры, Шығай ханның екінші бір ұлы, қазақ ханы Есім хан (Ешмұхаммед)да Қашқардың және Орта Азияның қожаларымен тығыз қарым-қатынас ұстанып,қазақтарға аса ықпалды Аппақ қожаның және Исқақ қожаның шәкірттерімен жақсықарым-қатынаста болды. Ол Шығыс Түркістанда болған кезінде жергіліктідінбасылармен бірге жүріп, зор беделге ие болды. Оны тіптен қожа Исқақтың атақтышәкірті Даниал қожа Жаркенттің тағына отыруға шақырған болатын. Кейіннен Есімханның Түркістан қаласын Қазақ хандығының жаңа рухани астанасына айналдырғаныбелгілі. Оның «Есім ханның ескі жолы» деген атпен белгілі заңдар жинағы өзіненбұрынғы Қасым мен Тәуке тәрізді шариғаттың қағидаларына және ханафизмніңидеяларына негізделді. Осындай бағытты, яғни дәстүрлі исламды насихаттаудықазақ хандары Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай (Әбілмансұр), Әбілқайыр, Жолбарыс,Жәңгір және тағы басқалар кеңінен насихаттады.

Қазақ хандарының сопылық діни сенімі және олардың Қожа Ахмет Ясауиидеяларына адалдығы олардың Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мазарында хан көтерурәсімдерін әдеттегідей салт-дәстүрге айналдыруларынан айқын байқалады.Сондай-ақ қазақ хандарын әулие Қожа Ахмет Ясауидің мазарына немесе оныңтөңірегіне жерлеу де тұрақты түрде орын алды. Көздерінің тірі кезінде қазақхандары Қожа Ахмет Ясауиді қатты құрметтеп, оның зиратының басына барып құраноқуды әдетке айналдырды. Мысалы, Абылай ханның осындай әдеті деректерде көрінісберген.

Қорыта келгенде айтарымыз,Алтын Орда және Қазақ хандығы билеушілерінің Қожа Ахмет Ясауидің сопылықидеяларын құрметтеуі және оны қазақ мемлекетінің идеялық-рухани негізінеайналдырулары оларды басқа билеушілерден ерекшелендіріп тұрды. Көшпелімемлекеттің хандары өздерінің кең ауқымды ойлауымен, халықшылдығымен, ақиқатіздеген шыншылдығымен, ең бастысы, имандылығымен және тақуалығымен басқалардыөздеріне баурап алды. Қожа-сопылардың қолдауына сүйенген олар исламдымемлекеттік идеологияға ғана емес, қол астындағы халықты рухани тұрғыдантәрбиелеу құралына да айналдырды.

Талас ОМАРБЕКОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУжанындағы

 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін

зерттеу орталығыныңдиректоры

Тегтер: