YouTube-тен көрген: өркениеттен қашқан отбасы орманда қаза тапты
Осы айдың басында Колорадо штатының батысындағы шалғай лагерьден өркениеттен алыс өмір сүргісі келетін отбасы мүшелерінің денесі табылды.
Бұл туралы PravilaMag жазды.
Қаза тапқандар Колорадо-Спрингс қаласының тұрғындары – 42 жастағы Ребекка Вэнс, оның 41 жастағы әпкесі Кристин және 14 жастағы ұлы. Мәйіттердің жанынан бос тамақ жәшіктері, кітаптар мен дәретхана табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, туыстар өткен жылдың шілде айында Ганнисон ұлттық орманына көшуді ұйғарған. Олар осы арқылы өздерін әлемдегі жағымсыз өзгерістерден қорғағысы келген. Ең жақын елді мекен — бар болғаны 14,5 км қашықтықта орналасқан Огайо-Сити елді мекені болған.
Үшеуі де қыста қаза тапқан болуы мүмкін. Жылы баспана салуға кіріскенімен, күн суытқанша жұмысты аяқтап үлгермеген.
Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ, бірақ билік олардың от жағу кезінде аштықтан, суықтан немесе көмірқышқыл газынан уланудан қайтыс болуы мүмкін деп болжайды.
Ребекка мен Кристиннің туған әпкесі Тревала Хараның айтуынша, әйелдердің өркениеттен тыс өмір тәжірибесі болмаған. Олар негізінен YouTube бейнелері мен кітаптарынан ормандағы өмір туралы білген. Бұған қоса, оларға ұзақ уақыт бойы өркениеттен тыс өмір сүріп келе жатқан досы аман қалу туралы кеңес берген.