Ыстық «фонтанның» зардабы (видео)
Павлодар қаласында биіктігі 9 қабатқа жететін ыстық «фонтан» өшірілгенімен, ажыратылып кеткен құбырлар әлі жалғанбады.Кеше 8-ші тамыз күні Шөкин көшесіндегі аулаларлың бірінде ыстық судан фонтан пайда болған. Алғашында тұрғындар шошып кеткен. Анықталғандай, осы аумақтағы жылу құбырларының бірі жарылып, атқылаған су бұрқағы сол жердегі дүкеннің шатыры мен қабырғаларын зақымдаған. Абырой болғанда, ыстық суға ешкім күйіп қалмаған.
«Аулада келе жатып, бір гүрілді естідім. Жауын жауайын деп тұр ма деп ойлап қалдым.Бұрылып қарасам жер астынан су атқылап жатыр екен.Шошып кеттім.Биікке көтерілген ыстық судың биіктігі осы тоғыз қабатты үймен тең келді»,-дейді Павлодар қаласының тұрғыны Галина ЛАНГЕЛЬЦ.www.youtube.com/watch?v=WrN4LcXWjC8Апат дүкеннен өзге ауладағы тұраққа қойылған үш бірдей жеңіл көлікті де зақымдаған. Тас аралас атқылаған суға «Тойота» маркалы көліктің терезесі шыдамай, шағылыпты. Оқиға орнына жеткен мамандар аумақты жедел ыстық судан ажыратыпты. Болжамдарға қарағанда, апатқа жылу жүйесін тексеру жұмыстары кезіндегі сынақ себеп болған.
«Қала бойынша гидравликалық сынақтар атқарылып жатыр.Сол жұмыстар кезінде жылу желілері жарылған. Сынақ 6-10 тамыз күндері аралығында бітуі тиіс.Апат орын алған жерде қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылып, ол жерге асфальт қайта төселетін болады.Дүние-мүлкі зақымдалған азаматтармен құзырлы органдар тиісті жұмыстарды істеп жатыр», -деді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Темір ҚАСҚАБАЕВ.Бір қызығы, коммуналдық апат орын алған жердегі құбырлар былтыр көктемде жаңартылған екен. Олардың қалай ғана тез арада тозып қалғанын тұрғындар ұқпай отыр. Жалпы, Павлодардың бірнеше көшесінде қазір қозғалысқа шектеу қойылып, жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Бірақ, атқамінерлер жөндеу жұмыстарына монополистердің қанша ақша бөлгенін білмейді. Ал жергілікті жылу желілер мекемесі бұл жайтқа қатысты жұмған ауыздарын ашпай отыр. Есісіне, көліктері мен дүкені бүлінген азаматтар енді олардан сот арқылы материалдық шығын өндіріп алуға ниетті.Фотолар автордікі. Видеоны куәгерлер түсірген.
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды