Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:09, 31 Шілде 2019

Ыстықкөл сапары

Біз қонған үш күнде де Ыстықкөлдің аспаны бұлтсыз болғанжоқ. Бірақ жаңбыр үшінші күні ғана жауды.

Алғашқы екі күні батыс жақтан түнеріпшыққан қара бұлт дәл көлге жеткенде ашуы тарқап кеткендей, ыдырап сала береді.Түстен кейін шөкім-шөкім дерліктей ғана шарбы бұлттар болмаса, аспан шәйідейашық болды деуге болады. Бір қызығы, қанша естіп жүрсек те Ыстықкөлдің таудыңетегінде жатқанын ойлап көрмеппіз. «Бардық» деген ел де бұл жайлы онша айтпайдыекен. Мұның себебін кейіндеу ұқтық.

Алатаудың қырғызғақарайтын күнгейі бір қарағанда тым жалаңаш көрінеді. Алатау десе қарағайы көксүзген көкала тауға үйреніп алғандікі ме, басына қар тоқтамайтын, қоңырқайтартып жатқан тақыр биікке Алатау деген атты қомсынатындайсың. Дегенмен, көзүйренген соң анықтап қарасаң, Алатау өзің ойлағандай жалаңаш емес екенін дебайқайсың. Сай-салаларында көзден қалқалау тұстарында өскен шырша мен жынысормандар көзге шалынады. Бірақ айнаның сынығындай шашылып түскен қадау-қадаушоқ қарағайлар мынадай алып таудың иінін жаба алмайды. Бұл жердің негізгі көркі– Алатау емес, Ыстықкөл. Тау көлдің бағасын асыра түсер көрініс іспеттес қана.

Биіктіктітереңдіктің десі басқан бір жер болса, ол осы Ыстықкөл ме дейсің. Елдің таутуралы айта бермейтіні де содан.

Ыстықкөл әлемдегітерең көлдердің алтылығына кіреді. Бейресми ақпарат тереңдігі 700 метрден асыпжығылады дейді. Ресми ақпараттар да әр түрлі болғанына қарамастан, осы шаманымежелейді. Қалай қарасаң да өз жағалауыңнан өзге ештеңе көре алмайсың. Керіліпжатқан томпақ су. Рас болса, жердің домалақ екені туралы ой алғаш мұхитта жүзіпбара жатқанда келіпті дейді ғой адамзатқа. Мұхитты қайдам, Ыстықкөлдің өзі-ақжердің жұмыр екенін дәлелдеп бере алатындай көрінді. Көз ұшында сағымойнамайды, бұлт екені, тау екені белгісіз, бір қоймалжың ылғи түнерді де тұрды.Күн әбден ашылғанда да көз ұшындағы қара-көк мұнар тарқамай-ақ қойды.

Әлгі 700 метрліктереңдік әлі түгел зерттеліп болмапты. Совет өкіметі кезінде, одан берідежекелеген зерттеушілер көлдің түбінен біраз ыдыстар тапқаны, олардың осыдан2500 жыл бұрын  және жай емес, өте озықтехнологиямен жасалғаны жайлы ақпараттың түбі бұл алып қазаншұңқырда бірзамандарда ел болды дегенді болжайды. Көшіп-қонып жүрген ел емес, қала салған,мәдениет жасаған, өркениетті жұрт болыпты. Тіпті бірі келіп, бірі кеткенбірнеше жұрт болған дегенді де айтады. Анығы, болжайды. Ыстықкөлдің суы қаншазаман өтсе де шегініп көрмепті. 50 шақты үлкенді-кішілі өзендер құяды, бірақешқандай өзен ағып шықпайды, ғалымдар оның толысып отыратынынын осыментүсіндіреді. Тереңдігі әлгіндей, ұзыны мен ені де аз емес, Ыстықкөл өз астынаншыққан суы мен сырттан келген қандай өзен болса да сіңіріп, сыйдырып алаберетін сыңайлы. Осыдан ба екен, су өзге көлдердегідей жылы емес. О баста«бұлардың ыстық деп жүрген көлдері осы ма?» деген таңданыс болған. Тіпті«таудан түскен қырғызға осы судың өзі ыстық болып көрінген ғой» деген де әзілжүгірді арамызда. Әсілі, көлдің «Ыстық» аталуы – суының температурасына орайайтылмаған сияқты. Шалқып-толқып жатқан, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткенқасиетті көл жайлаудан түсіп келе жатқан елдің көзіне оттай басылса басылған-ақшығар.

Көл атауынан өзгешемән іздегеніміз тегін болмапты, оның бір замандардағы аты – Әулиекөл болыптыдеседі (тіпті «ысық» сөзінің мағынасы көне түрік тілінде «әулие», «қасиетті»деген мағына береді деген де деректер бар). Шоқан Уәлиханов өзінің әйгілі«Ыстықкөл сапарында» осы көлдің жағасынан балбал тастар тапқанын жазады, соғанқарағанда көл бір замандарда қасиетті саналса саналған-ақ шығар. Сол қасиеттікөл күндердің күнінде назаланып, жағасында күн кешіп жатқан жұртты жұтыпқойыпты. Судың назасына тиердей не істегені белгісіз, суға жұтылып кеткенқауымның арасынан апалы-сіңлілі екі сұлу ғана аман қалыпты. Тауда бүлдіргентеріп жүрді ме екен… Қос сұлу таудан түседі – ел жоқ. Орны да қалмаған.Жағалауды шарлап, зар жылайды. Ол заманда көлдің суы тұщы болыпты, бүкіл елсуды осы көлден ішеді екен-міс. Өзі де кемерінен асып жатқан көлге әке-шеше,бауырын, ел-жұртын, құрбы-құрдасын жоқтап жылаған қос сұлудың көз жасы қосылып,толқындар таудың етегін соқты дейді. Содан бастап көлдің суы ащы болып кетіпті-міс.Тіпті түбі жоқ бұл аңыздың тағы бір түйіні – қыздардың көз жасы көлдің суынысытып жіберіпті, содан Ыстық көл атаныпты дегенді де айтады.

Жағасы құм, астықиыршық тас, көкжиегі түпсіз тұңғиықпен астасқан, анау-мынау емес, алыпАлатауға иек артқан Ыстықкөлдің қасиетін жағасында тұрып қолыңды малып көргендеемес, сүңгіп шыққанда білесің. Әдетте солай болады, қолыңды маласың, су жылыболса түскенше асығасың. Ал, Ыстықкөл ә дегенде десіңді қайтарып тастайды.Саусақтан басталған салқындау леп әп-сәтте тұла бойыңды мұздатып жібергендей…Сонша жерден келгенде түспей кетуге болмайды, жасқана басып бір-екі аттайсың.Аяғың да қолың сезгенді сездіреді. Әупірімдеп кеудеге дейін бойлайсың да жүзежөнелесің. Ары қарай… Шыққың келмейді. Жұм-жұмсақ, тұп-тұнық. Мөп-мөлдір.Аузыңа кермек дәм келеді, ол кезде әлгі жұртта қалған қыздардың көз жасынойлауға шамаң келмейді, өзге сулардағыдай лоқсымайсың, түкірінбейсің, ащы болсада тіліңді қуырмайды. Ем екен дегенді әбден естігенбіз. Жарасы жазылып кеттідеген адамдар туралы талай дәлелдер келтірілген. Біздікі жай ғана демалыс,сонда да қасиетті судың жұмсақ құшағында жүре бергің келеді. Шыңғыс Айтматовтың«Ақ кемесіндегі» балыққа айналып кетуді армандайтын бала есіңе түседі. Жұмсаққана жағаны сипап жатқан көл тұнық құшағына шақырады...

Бір қызығы,Ыстықкөлдің суы бірде жылы, бірде салқын. Жүзіп келе жатасың да жып-жылы бірбелдеуден өтесің. Одан ары қайтадан салқын тартады. Сәл артқа жүзіп, жаңағыжылы белдеуді қайта тауып алуға болады. Су асты ағыстарынан дейді бұл. Соншамаөзен құйып жатқанда бір тамшы суын сыртқа шығармайтын көлдің бұзылу түгіл,лайланып та қоймайтыны бір-біріне қосыла қоймайтын осы ішкі ағыстарынан болсакерек. Ал, жағадағы құмының тазалығына сөз жоқ. Бұл жақта күн аса ыстық емес,көбіне 20-ны төңіректеп жүреді. Содан да, құмы қызғанмен, өзгелердей денеңдікүйдіріп, табаныңды қуырмайды. Жайлы, жылы күйінен бір айнымайтын құм суданшалдығып шыққан адамға жар төсегінен кем көрінбейді. Денеге батар тасы жоқ,қолқаны қабар шаңы жоқ. Бірақ теңіз деңгейінен 1608 метр биіктікте жатқанкөлдің күні ащы келеді. Көлеңкеге қуалап тықпағанмен, жарты сағат жүрсең бірқабат теріңді сыпырып алады. Күнге тотықпайсың, әп-сәтте қызара бөртіп шығакелесің.

Кім біліпті,Ыстықкөл осынысы үшін де «ыстық» аталған шығар...

*****

«Жас Алаштың»жылдағы дәстүрі бойынша апталық демалысқа қайда барамыз деген сұрақ Алматыда азталқыланған жоқ. Ең соңғы екі жол – Ыстықкөл мен Алакөлге тірелген. Алакөл –көрген, барған жеріміз. Бірақ Ыстықкөлдегі шомылу маусымы аяқталып барады,қазірдің өзінде барып келгендер өкініп жүр деген дақпырт жұртты екіге бөлген.Алакөл о жаққа қарағанда әлі жылы. Суының емдік қасиеті де одан аспаса кемемес. Оның үстіне, отандық туризмге үлес қосу мәселесі...

Ары-бері тартыстанкейін, Алакөл кейінге қалды. Басты себеп – жол. Бір ай бұрын қамдансақ та пойызғабилет таптырмады, жоқ. Ал, автокөлікпен баруға ешкімнің жүрегі дауаламайды.Өйткені, бәрі көрген, куә болған. Селкілдеп отырып барып-келген. Қазір Алакөлжайлы сұрай қалсаң, көлдің кереметін емес, жолының нашарлығын алдымен айтады. «Жолазабы – көр азабы» дей ме? Ыстықкөлге барайық деушілердің қарсыластарынаұсынған ең салмақты уәжі осы болды ма, қырғыз шекарасында тұратын сағатқа жуықкезекті елемей, тартып кеттік.

Жағалауды толтыраорналасқан пансионаттар. Бір бүгін емес, ертеде арнайы жоспар-жобамен салынғандемалыс орындары сервистік жағынан керемет болмаса да, ауасы, абаттандырылуыжағынан Ыстықкөлдің брендке айналып үлгергенін байқауға болады. ЫстықкөлдіңЫстықкөл болуы сонау Совет өкіметінен басталады. Рас болса, Ыстықкөлге көңілбөлуге оның суының емдік қасиеті де, ғажап көрінісі де емес, алдымен ғаламаттереңдігі себеп болыпты деседі. Сталин су асты қаруларын осы көлде сынапты,кезінде әскери база болыпты деген де сөз бар. Осылай ерекше санатқа ілінген көлөзге жағынан да елеусіз қалмай, бертін келе туристік жағынан атаққа шығады.Тіпті, Брежневтің өзі арнайы келіп демалып қайтқан. Қырғыздардың «Брежневкекөрсетеміз» деп, тауға қолдан сарқырама жасайтыны да осы кез. Бұл сарқырама дақазір Ыстықкөл туристерінің көруге тиіс бір нүктесі.

Осындай көңілбөлудің арқасында Ыстықкөлдің жағасы толықсып-ақ тұр. Жасыл шөп, қалың ағаш,жұпар аңқыған ауа… Пансионаттар осы артықшылығын бетке ұстай ма, сервиске асабір мән бермейтіндей көрінді. Арнайы бассейндер жоққа тән. Бұның себебі де әлгіжазғы маусымның қысқалығынан. Қысқа уақытта мол пайда табуға тырысатынкәсіпкерлер көп ақша шығарғысы келмейді. Өйткені, енді біраз күнде Ыстықкөлдіңжағасын өлі тыныштық басады. Қазірдің өзінде ашық күнінен жауыны көп, күн сәлбұлттанса жағалау босап қалады.

Күн жылт етсетіршілігі қайнап жүре беретін жағалауда демалушылардың дені жергілікті жұрт. Жұмысістеп жүргендер де солар. Оның себебін «төңкеріс жасағыш қырғыздың» мінезіментүсіндіреді. Қатарынан бір емес, бірнеше билікті құлатқан қырғыздың мінезіненбір жәбір көрсе – осы Ыстықкөл жәбір көрген сияқты. Өйткені, ресми мәліметтердесоңғы жылдары шет елден келушілер ғана емес, көлдің туризмін дамытуға инвесторлартарту да қиындап кетті деген сөз бар. Бұл жағы енді-енді ғана жолға қойылыпкеле жатыр екен.

Кәсіби гидтердіңаздығынан, Ыстықкөлдің айналасына экскурсияны қырғыз таксишілер жасап жүр. Алматыданшыққанда негізгі жоспардың бірі Ыстықкөлдегі Әуезовтің үйіне бару болатын.Апаратын кісі тез табылды.

Ыстық көлдегі Әуезовтің үйі

— Әуезовтің үйі ме? Болды апарамыз, – деген елуден асыпкеткен кісі аса сенімді дауыспен. Әуезовтің үйіне бізден бұрын да қазақтарбарып жүр екен ғой деп ойладық. Тіпті бірінші кездескен қырғыздың «Әуезов кім?»деп сұрамағанына ішіміз жылып-ақ қалған.

Қызық ертеңіне болды.

Шолпан-Атадағы орталық музейге тоқтады да, «ал, келдік»деді. Бізге керегі орталық музей емес екенін айтып, Әуезовтің салғызған, тұрғанүйі бар екенін жан-жақтан айтып түсіндірген соң ғана музейден жөнін біліп,жолын сұрап шықты. Содан біраз адасып жүрдік. Жол-жөнекей кездескен кісілерденсұрайды, ешкім білмейді. Келе жатқан көшеміз – М.Әуезов көшесі. Көше, кейінсұрап білсек, қаладағы ұзын көшелердің бірі саналады екен. Бірақ тар әрібұлың-бұлың.

Әуезовтің үйі – осы көшенің тұйықталған жерінде, дұрысы,басталған жері (рет саны бойынша). Біз түс ауа барғанбыз. Есігі жабық.Қаққанмен ешкім ашпады. Ағаш қоршаудан қарғып өтіп, аулаға кірдік. Әй деген,қой деген жан жоқ. Ауласы, үйі сол салынған күйі сақталған сияқты. Музей-үйдегеннен гөрі, біреудің саяжайы дегенге ұқсайды. Жер көлемі аса үлкен емес,арыда алма, тағы бір ағаштар өсіп тұр. Ауланың сол жақ қапталын ақ қайыңдаркөмкеріпті. Төртеу. Пансионатта бұл жақтың қайыңдарының жуандау келетінінбайқағанбыз, мынау да сол. Үйдің кірер есігінің сол жақ маңдайшасына бұл үйде1958-61 жылдары қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің тұрғанын, сосын, үйдің 1970жылы Қазақ ССР-іне берілгені туралы орыс тілінде жазылған тақта тұр. 

Бұдан арғы жоспарымызда кемемен көлдің ортасына шықпақболғанбыз. Әуезов өмірінің соңында тұрған үйдің терезесінен сығалап, есігінашпай қойғанына налығандай, жөнімізге кеттік. Біздің бұл қуыста не іздепжүргенімізбен шаруасы жоқ, такси-гидіміз асықтырып әлек. Кемеге де міндік,капитан 100 метрлік тереңдікке барып, суға түсуге рұқсат берді. Осынша тереңсуға түсіріп жатқанымен шаруасы жоқ, кеменің иелері бейқам. Суға жүзе аламдеген адамға кеудеше бермейді. Кеудеше кигендерді де көп қақпайлағанын көргенжоқпыз. Көлдің ортасы деген әшейін сөз ғой, жағадан асса 5-6 шақырым алыстағаншығармыз. Ұзындығы (178 км) мен енін (60 км) шарлап шығу үшін біраз уақыт керекекенін сонда ұқтық. Көл сол күйі, көз алдыңда көкжиекке дейін созылып алып,жатты да қойды. Күн тынық, әлсіз дірілдегені болмаса, толқын жоқ еді.

Әуезов үйіне қайтар жолда тағы соқтық. Қоршаудан секіріпжүргенде  жол бастаушы әріптесіміз Ринаткөзілдірігін түсіріп алыпты. Жол-жөнекей болған соң ала кетсек деп едік, – дәмтартыпты, – музей-үйдің қызметкері іште жүр екен. 

Үй 1957 жылы салыныпты. Әуезовке Қырғыз үкіметі алдыменжер сыйлапты. Жерді Қырғызстанның кез келген жерінен өзі таңдап алуына болады.Жазушы көп ойланбай-ақ осы Шолпан-Атаны таңдапты. Қызығы, ол кезде бұл Шолпан-Атақаласы жоқ, бірді-екілі үйлер болмаса иен жатқан жер екен. Әуезов өзі келіп,көлдің көзге жақсы көрінетін жерін таңдапты. Үйді өз ақшасына салғызған.Таныстырушы әйелдің айтуынша, ол жылдары мұндай үй – ең мықты үй есептелген.Оны өзіміз де шамалап тұрмыз, кіре беріс кең зал, жатын үй, жұмыс бөлмесі, тағыбір бөлме, асхана, дәретханасы бар, бірнеше есігі бар кең үй. Бірақ қай бөлмегебас сұқсақ та кітаптар сіресіп тұр. О баста жазушының жеке қорынан алынғанкітаптар болар деп ойлағанбыз, сөйтсек, бұл үй қазір музей-үй емес,музей-кітапхана екен. Қаланың меншігінде. Оқырмандар келіп, кітап алып кетіпоқиды. Оқу залы жоқ. Төргі, жазушының жұмыс бөлмесі ғана сол күйіндесақталыпты. Төрде жазу үстелі, жұмсақ орындық, бер жақта ағаштан тоқылған тербелмелікресло, тағы басқа заттар бар. Жазу үстелі тура көлге қараған терезенің алдынақойылған. Қазір құрылыс қаптап кеткен, көл көрінбейді, ал, ол кезде бұл жерденкөлдің сұлу көрінісі ашылатын болған. Жазушы жасы ұлғая бастаған шағында жанғатыныш, көзге сұлу осы бір жерде алаңсыз демалып, тыныш жұмыс істеуді, бейбітөмір сүруді ойластырған сыңайлы. Бірақ аяқталмай қалған «Өскен өркеннің» кейбіртараулары болмаса, бұл үйде жазушы анау айтқандай ештеңе жазып үлгермей кетіпті.Бұл бөлмеге бізді кіргізбеді. Біз түгілі, «жазушының ұрпақтарын да кіргізбеймін»дейді.

Кіре беріс кең залдың төргі жағы Айтматовқа арналыпты.«Айтматовты әлем оқиды» деген айдармен шет тілдердегі кітаптары, өзге десуреттері бар. Босаға жақта Әуезовтің суреттері, түрлі кездесулердегі,отырыстардағы, қырғыз жазушыларымен басқосулардан естеліктер… Тағы біршағындау бөлме қазақ драматургиясы мен театр өнеріне арналған. Мұнда да әртүрлі суреттер мен көріністер. Қысқасы, қазақтың әйгілі жазушысы тұрған үйдібұзып тастауға немесе өзге біреуге өткізіп беруге болмайтындықтан, музей«жасауға» мәжбүр болған жайт аңғарылады. Жазушы өмірінен сыр шертер экспонаттараз, тіпті жоқтың қасы. Сол себепті, бос қалған орындарды бірдеңемен толтырукерек болғандықтан, Айтматовты, қазақ театр өнерін, одан кейін кітапхананыойлап тапқан сияқты. Әйтпесе, кітапхана дей қоярдай емес, кітап қоры да шамалы(2000-нан асар ма екен?). 

Шыңғыс Айтматов осыдан 20 жыл бұрын келіпті. Одан кейінбас сұқпаған. Президент атаулыдан жалғыз Отынбаева келіпті. Қазақ жазушыларымен атқамінерлері келіп тұратын көрінеді. Жазушының ұрпақтары жыл сайынжазушының туған күні қарсаңында арнайы келеді. Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанпрезиденті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Бакиев Ыстықкөлде кездескендеосы үйді де көрсету жоспарда болыпты.

— Қолымызға гүл ұстап, ауланы тазалап, көшені босатып, күні бойы күттік. Келмейкетті...

«Қандай проблемалар бар музейге қатысты?» дегенсұрағымызға: «Айтпаймын»,– деп жауап берді. «Айта-айта шаршадық», – дейді. Бәрібіртүк шықпайды. Күзетші жоқ. Бір ғана қызметкер әйел жұмыс істейді. Бұрын төртадам істепті, «қазір үйге кетерде жазушының үйін Құдайға аманаттап кетеміз,басқа амал жоқ», – деп қалды. Қазақтың атқамінерлері де, ақын-жазушылары дакелген сайын музейді жақсылап қолға алатынын айтып кетеді екен. Бірақ оданкейін хабар жоқ.

Кітапханашы осындай уәделерден жалыққан адам. ҚазірӘуезов көшесіндегі жабайы жайма базарда мәліш сауда жасайды. Көлге түсетінкиім-кешек, көйлек-дамбал… Біреу-міреу іздеп келсе, саудасын тастай салыпжүгіріп келеді екен. «Негізі, адамдар келіп тұрады, көбіне кітап оқитындаркітап алу үшін» дегеніне де онша сене алмадық. Бұл сапардан ең бір жақсы пайдатапқан біздің таксиші болды ғой деймін, кетерде бұл үйдің қазақтар үшін ерекшемаңызы бар екенін біліп, кітапханашы әйелдің телефон нөмірін жазып алып жатты.Сұңғыла неме «Әуезовтің үйіне апарам» десе, қазақтардан клиентінің көбейетінінұққан сияқты. Гид-таксиші әбден кетерде бізге көңілі түскен түрмен:«Оказывается, Әуезов – ақын екен ғой», – депті (өзім естімей қалдым). «Ақынемес, жазушы. Шыңғыс Айтматовтың ағасы». «А-а, Айтматов… Білем-білем», –депсәл бөгеліп: «Айтматов та ақын болған ба?» деп сұрапты. Ал, бұл кісі маған біркүн бұрын кемеге шыққанда Ыстықкөл туралы елдің ішінде айтылатын аңыздардың көпекенін айтқан. Тіпті мен кеткенше жақсылап бір айтып берем деп уәде де берген...

Көл жағалап жүріп, тек тіршіліктің, тиын сауудың ғанақұлы болып кеткен, ешқашан «білмеймін» деп айтпайтын, жолап кеткен адамынанбірдеңе «сындырып» қалуға тырысатын «экскурсовод» байкелер «адамзаттыңАйтматовын» білмейді дегенге бұрын айтса сенбес едім-ау...

*****

Тесіліп келіп көлге қараймын. Көзің көкжиекті мағынасызкезіп кеткені болмаса, тиянақ табар бір бұдыр тапсашы. Көлдің орта тұсы дүңкиіпкөрінеді. «Жер – домалақ, әлі кездесеміз», дейтіндей. Одан әрі түпсіз шыңырау,шексіз көкжиек мұнарытады. Беріде сан ғасырлық тарихты бауырына басып ап, мізбақпай Ыстықкөл жатыр.

Бұл Ыстықкөл, бұл көкжиек… «Ақ кемені» күте-күте көзіталған, ең соңында балыққа айналып кеткен жетім баланың қарашығы сіңіп қалғанжер ғой. Әкесін күткен жетім бала ғана емес, ғашығын күткен қыз, ұлын күткенана, жарын күткен жесірдің жанарын талдырған көкжиек, жасын жұтқан Ыстықкөл...

Әбден кетер қарсаңда алай-дүлей толқыныңды тулатып, өзсуың аз болғандай аспанның суын да міз бақпай сіміріп жатқан қатал түріңеқарамастан ыстық тартып бара жатқаныңды қарашы… Алатаудың екі қоржынын еншіғып қырғыз-қазаққа бөлгенде бір басынан сен шыға келіпсің, Ыстықкөл. Солсебепті, «Алатаудың жалаңаш жағын бізге бердің» деп қырғыз туғандар құдайғаөкпе айта алмайды.

Біз үйге қайттық деп қоштасып кеткенімізбен, теп-тегісжолмен Ыстықкөлді жағалап ұзақ жүрдік. Көз ұшында ақ кеме жүзіп жүр...

Алматы – Ыстық көл – Алматы.

Тегтер: