Юлия Навальная құқық қорғау ұйымының төрайымы болды
Марқұм саясаткер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная Human Rights Foundation құқық қорғау ұйымының төрайымы болды. Бұл туралы The Insider хабарлады.
«Диктатуралар біздің жақындарымызға және жалпы әлемге төндіретін қауіпті жеке көрген адам ретінде бұл мен үшін үлкен құрмет», - деді Навальная.
Оның айтуынша, Адам құқықтары қоры аясында жұмыс істеу тергеу тәжірибесімен көбірек алмасуға мүмкіндік береді және оған және бүкіл командаға «Алексейдің жұмысын жалғастыруға» көмектеседі. Өзінің әлеуметтік желілерінде Навальная күйеуінің «жұмысын жалғастыру» ол үшін «маңызды» болып қала беретінін айқан.
Юлия Навальнаяның кандидатурасын ұйымның бұрынғы төрағасы, бұл қызметті 2012 жылдан бері атқарған Гарри Каспаров қолдады. «Юлияның батылдығы мен әділдікке деген адалдығы шабыттандырады», - деді ол.
HRF – 2005 жылы құрылған және Нью-Йорк қаласында орналасқан коммерциялық емес ұйым. Қор бүкіл әлемде адам құқықтарын ілгерілету мен қорғауға арналған. 2012 жылдан бері қордың төрағасы Гарри Каспаров болды.