ЮНЕСКО мектептерде смартфондарға тыйым салуға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу керек деп есептейді.
Бұл балалардың тедефоннан алшақтап, жақсы оқуы үшін қажет.
Сондай-ақ балаларды кибербуллингтен қорғауға көмектеседі.
ЮНЕСКО деректері бойынша ұялы телефондарды шамадан тыс пайдалану және пәндерді нашар меңгеру фактілері арасында байланыс бар. Ұйым цифрлық технологиялардың білім беру нәтижелері мен экономикалық көрсеткіштерге оң ықпалы жоғары бағаланғанын алға тартады.
Ұйымның пікірінше, білім берудегі цифрлық технологиялар зиян келтірмей, пайда әкелетіндей елдер нақты ережелерді әзірлеуі керек.
Айта кетейік, Еуроодақ елдерінің төрттен бір бөлігі қазірдің өзінде мектептерде смартфондарды пайдалануға тыйым салған.