Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 18 Тамыз 2023

Зайнутдинов түркиялық клубқа ауысты

None
None

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубына ауысады.

 

Ойыншы клубпен келісімшартқа қол қою үшін Ыстамбулға барды. 

«Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов біздің клубпен трансферлік келіссөзді аяқтау үшін Ыстанбұлға келді. Зайнутдиновты біздің вице-президент Серхан Четинсай әуежайдан қарсы алды», — деп жазады «Бешиктас» баспасөз қызметі инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін түрікиялық БАҚ «Бешикташ» Бахтияр Зайнутдинов үшін мәскеулік ЦСКА-ға 4,5 миллион еуро төлейтінін жазған болатын. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Зайнутдиновтың трансферлік құны 6 миллион еуро.

Қазақстандық футболшы 2020 жылдан бері Мәскеудің ЦСКА клубында ойнады. Үш жылда ЦСКА үшін 83 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Қазақстан құрамасы ойыншысы жаңа клубында жылына 1,2 млн еуро жалақы алады. Келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жалғасады.

Айта кетерлігі, Зайнутдинов Түркия чемпионатында легионер болып саналмайды. Жаңа ережелер бойынша суперлиганың әрбір қатысушысы 14 легионерден басқа түркітілдес елден: Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан немесе Өзбекстаннан келген тағы бір футболшыны қосымша мәлімдей алады.

Тегтер: