Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:40

Залужный: Украина мен Ресей арасындағы соғыс 2034 жылға дейін созылуы мүмкін

Валерий Залужный
Валерий Залужный. Фото: Украина Қарулы күштерінің Бас штабы

Экс-қолбасшы елді болашаққа қорғаныс құруға шақырды.

Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі, Қарулы күштердің бұрынғы бас қолбасшысы Валерий Залужный Ресеймен соғыстың жаңа кезеңге өткені туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2024 жылдан бастап соғыс сипаты өзгеріп, басқыншылықтың бастапқы кезеңінен айтарлықтай ерекшелене бастады.

Залужныйдың сөзінше, Ресей армиясы енді майданда алға жылжудан гөрі, Украина әскерін де, бейбіт тұрғындарды да шаршатуға бағытталған тактиканы қолдануда. «Егер біз болашақ үшін қорғанысымызды құрып, жүйелі стратегияға көшпесек, соғыс жалғаса береді. Тіпті 2014 жылы басталған бұл соғыс 2034 жылы ғана аяқталуы мүмкін», — деді ол.

Ол 2022 жылы Ресей әскерінің танктермен алға жылжып, артынан көпсанды жаяу әскер келгенін, бұл тәсілдің Екінші дүниежүзілік соғыс үлгісіне ұқсас болғанын атап өтті. Бірақ мұндай соғыс 2023 жылдың желтоқсанында аяқталып, қазір соғыс тактикасы өзгерді: «Қазір майдан шебі негізінен қарсылас күштерді жоюға бағытталған», — деді Залужный.

Экс-қолбасшы Украинаға соғысты тезірек аяқтау үшін қорғаныс стратегиясын және ресурстарды жұмылдыру тәсілдерін қайта қарау қажет екенін айтты.