Заң мен тәртіп – биікте: Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілдері тау шыңына көтерілді

Алматы облысында "Заң және Тәртіп" идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
Шың басына "Заң және Тәртіп" жалауы тігіліп, ел ішінде заңның үстемдігін бейнелейтін символға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өтті.
Онсыз экономикалық даму, инвестиция тарту және халықтың сенімі мүмкін емес. Әділеттілік қоғамның қалыпты жағдайына айналуы тиіс, ал заңсыздық сирек құбылыс болуы қажет. Тек осылай ғана әр азамат өзін қауіпсіз сезінетін заманауи мемлекет құруға болады.
Жол бағыты Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті.