Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:08, 16 Шілде 2020

Заңға енгізілген бір өзгерістің сыры

                                                                                                                                      

      Бүгін Жекен Қалиұлы ағамызқайтыс болды деген суық хабар жетті.

«Біреу білер, біреу білмес» деп бастайтынсөз бар. Өкінішке қарай, менімен араласқан жандардың қоғамға жасаған еңбегінмен айтпасам, ешкімнің білмейтіні анық.

     2000 жылы ОБСЕ-нің қатаңталабымен Қазақстандағы «Сайлау туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларенгізуді дайындайтын комиссия құрылды, бір жылда мәртебелі төрт үлкен дөңгелекүстел өтті. Менің шамам  бақылаушылардыңқұқығын дұрыстаудан, олардың мүмкіндігін кеңейтуден аса алмады. (Заңдағы 14бапты толықтай өзгерту оңай жұмыс емес деп ойлаймын). Жұмыс тобының заңдыдайындау мерзімі бітіп, заңды мәжіліске талқылауға жібергенде ғана бір баптыөзгертудің ұмыт қалғаны есіме түсті. Ол сайлау комиссиялары хаттамаларыныңформасы болатын. Осыған дейін хаттамалардағы сайлауға қатысқан адамдар, дауысбергендердің т.б. саны тек цифрмен берілетін. Ал біз (Республикалық тәуелсізбақылаушылар жүйесі) 1999 жылы сайлауды бақылағанда осы цифрларды өзгерту(соңына нөлдерді қосу) арқылы көптеген айла жасалғанын білетінбіз. Осы пасықайланы болдырмау үшін «Сайлау туралы» заңға «цифрдың қасына жазбаша нұсқасы берілуішарт» деген қосымша енгізу керек болды. Қысқасы, «Сайлау туралы» заңды мәжілістеталдауға үш күн қалғанда мен Астанаға ұшып келдім де, таңғы сағат тоғызда парламентесігінің алдында болдым.   

     Лоббилік жұмыс үлкен тәжірибені,өзіндік айла-тәсілді қажет етеді. Мойындаймын, ол уақытта менде ондай тәжірибе жоқ болатын. Сондықтан менің тапқан барамалым – қазақтың салты бойынша жасы ең үлкен депутатқа – Жекен ағаның алдынабару еді. Таң атпай жетіп келген мені ағамыз салмақты бейнеде қарсы алды.«Тыныштық па, Дос інім, жүрісің суыт қой», – деді. Менде де ыңғайсыздану жоқ:«Ойбай, ағасы, «Сайлау туралы» заңға аса қажетті бір өзгеріс, бір толықтыруқаперден шығып кетіпті. Енді бұл мәселе тек мәжілістегі талқылауда көтерілуікерек. Оны көтеретін депутаттар керек. Осыған сіздің көмегіңіз қажет», – депалқымынан алдым.  

     Жекен ағам мені асықпай тыңдап,«Ұсынып отырған толықтыруың өте дұрыс, бірақ мәжілістегі кертартпалар кезкелген жаңа ұсынысты қолдай қоймайды. Бәрі алдын ала шешіледі. Бұл жерде айлакерек», – деді де, екі-үш депутатты шақырды (мойындаймын, қазір олардың кімекенін нақты айта алмаймын). Біреуі батысқазақстандық депутат Валерий Земляновекенін білемін. Ағамыз шайын дайындады да, жолдастарына: «Жігіттер, Дос інімізбір мәселемен келіп қапты. Мақсаты, ойы өте дұрыс. Ол бізге сеніп келіп отыр.Енді осы өзгерісті айқай-шусыз қалай алып өтеміз, соны келісіп, кеңесіп алайық»,– деді. Сонымен, таңғы сағат 10-дардың шамасында Қазақстан парламентіғимаратында төрт депутат пен сайлауды бақылаушылардың басшысы заңға өзгерісенгізудің жолын талқыладық. Ең қызығы – Жекен ағамыз бастаған шағын топтыңайласы  (кім ұсыныс жасау керек, оданкейін кім қолдап сөз сөйлеуі керек дегендей нақты сценарий жасалды, әр депутатөзіне берілген рөлді жүргізуге дайындалды) өзінің мақсатына жетіп, заңғаөзгеріс енгізілді.     

       Бұл оқиғаны «аштықта жегенқұйқа» деп ойлап қалмаңыздар. Жекен ағамыздың түсінігін, қолдауын, сынын,ақылын (ашық не жасырын) мен көп жерден көрдім. Халқым деген тағы бір ағамыз алыссапарға аттанды. Иманды болсын…

Дос КӨШІМ   

Тегтер: