Заңғар тұлға Заманбек

15.01.2018, 21:54

290

Бүгін, қаңтардың 15-сі күні, Заманбек ағамыз тірі болса 74 жасқа келер еді...Заманбек Нұрқаділов — 1944 жылдың 15 қаңтарында Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген саясаткер, қоғам қайраткері.Қызметін құрылыста қатардағы шеберден бастаған ол СМУ бастығы, "Қазселденқорғау" мекемесінің басшысы, Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы, Алматы қаласының басшысы ретінде ХІІ шақырылған Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесінің депутаты, Алматы қалалық кеңесінің төрағасы, Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы, ҚР Парламентінің депутаты, Алматы облысының әкімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы болды.2004 жылы наурызда төтенше жағдайлар агенттігі жетекшісі Заманбек Нұрқаділов «қызмет міндетін дұрыс атқармаған» деген себеппен қызметтен босатылды. Бұл жағдай ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынағаннан кейін болған.Артынша, Заманбек Қалабайұлы Қазақстандағы коррупцияға қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялады. Сөйтіп осы жылы «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының құрылтай комитетіне енді.Суретте Заманбек Нұрқаділов жары Мақпал, қызы Мереймен бірге.Жары Мақпал Жүнісовамен бірге сахнада ән шырқауда. Өзінің соңғы сұхбатында Кеңес Одағы кезінде Алматыдағы қазақтар саны 20 пайыздан аспауы керек деген жасырын нұсқау болғанын айтып, өзі әкім болып тұрған кезде сол көрсеткішті 40 пайызға көтергенін айтқан болатын.Қазақстандық оппозиция қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы қарашаның 12-сі күні кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми тергеу «Нұрқаділов өз-өзін үш рет атқан» деген қорытынды жасады. Бірақ оппозиция «ол қастандық құрбаны болды» дейді.Ел азаматымен қоштасуға мыңдаған адам келді. Қазақстан ғылым академиясы ғимараты. Заманбек Нұрқаділовпен қоштасу рәсімі. Алматы, 15 қараша 2005 жыл.Заманбек Нұрқаділов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленген. Бүгін тірі болса 74 жасқа келетін ел ағасы елдің мәңгі есінде.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39