Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:26

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды

Әділетхан Молдахан
Фото: instagram / adiletkhan

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 30 наурызда полиция тарапынан қамауға алынды. Кейін оның мерзімі 10 күнге белгіленгені белгілі болды, ал қазір екі айға созылды.

Әділетхан Молдахан әл-Фараби даңғылында үш адамның қазасына себеп болған жол апатына қатысты пікір айтып, полицияны сынаған видео жариялаған. Полиция оның үстінен «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.