Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:13, 10 Қазан 2022

Зеленский украин халқына үндеу жасады

None
None

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға баспаналарын тастамауды сұрап, үндеу жасады, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кең ауқымды соғыстың 229-шы күні. 229-шы күні бізді құртып, жер бетінен өшірмекші. Запорожьеде үйде ұйықтап жатқан адамдарды жойды. Днепр мен Киевте жұмысқа бара жатқан адамдарды өлтіреді.

Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмай тұр. Зымырандардың соққысы әлі де өршіп тұр. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Өтініп сұраймын, баспаналарыңызды қалдырмаңыздар. Өздеріңізді, туыстарыңызды қорғаңыздар", — деп жазды Зеленский Telegram-да.

Зеленский Киевке жасалған шабуылдардан кейінгі кадрларды да жариялады.

Киев мэрі Виталий Кличко зымырандардың қала орталығындағы (Шевченков ауданы) және Соломенск ауданындағы нысандарға түскенін айтты.

"Әуе шабуылы, яғни қауіп жалғасып жатыр. Киев тұрғындарына баспанада болыңдар деп үндеу жасағым келеді. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарынан қалаға шықпауларын сұраймын. Киевтің орталық көшелерін жауып тастады. Тәртіп сақшылары, құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр", — деп жазды Кличко.

Тегтер: