15:45, 10 Желтоқсан 2024
Зеленский 18 жасқа толғандарды мобилизациялауға қарсы
Украинаға әскерге шақыру жасын төмендетпейтіндей зымырандар қажет, деді Украина президенті Владимир Зеленский. Ол Дональд Трампқа соғыстың әділ аяқталуына қол жеткізуге деген жігері үшін алғыс айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың мобилизациялауды 25-тен 18 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысын қабылдамады. «Біз жұмыс істеп тұрған бригадаларды техникамен қамтамасыз етуге және осы техниканы пайдалану үшін кадрларды дайындауға назар аударуымыз керек, біз техниканың жетіспеушілігін жаңа сарбаз дайындаумен өтемеуге тиіспіз», - деп жазды Зеленский 9 желтоқсан, дүйсенбі күні кешке әлеуметтік желілерде.