Зеленский Ақ үймен Украинадағы бейбітшілік мәселесін талқылады
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей-Украина қақтығысын реттеу жолдарын талқылады.
Бұл жөнінде ол Telegram-арнасында хабарлады.
Зеленский әңгімелесуді мазмұнды өткенін атап өтті.
«Біз көптеген маңызды жайттарға назар аударып, қанды қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік беретін мәселелерді талқыладық», - деп жазды ол.
Президенттің айтуынша, тараптар «келесі қадамдар мен АҚШ-пен жүргізілетін келіссөздердің форматы» жөнінде келісімге келген.
Телефон әңгімесіне Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Бас штаб бастығы, генерал Андрей Гнатов та қатысқан.
Еске салайық, 2 желтоқсанда Уиткофф пен Кушнер Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізген болатын.