Зеленский АҚШ базасын қорғау үшін украиналық дрондар мен мамандар жібергенін мәлімдеді
Украина президенті New York Times басылымына берген сұхбатында, Украина АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базаларын қорғау мақсатында дрондар мен оларды басқаратын мамандар тобын жібергенін хабарлады.
Зеленскийдің айтуынша, АҚШ бейсенбі күні көмек сұрап, украиналық топ ертесі күні ұшып шыққан. Ал Ақ үй басылымның сұрағына жауап бермеген.
Украина АҚШ әскерлеріне және олардың Таяу Шығыстағы одақтастарына Иранның шабуылдаушы дрондарынан қорғауға көмектесуді ұсынды. Бұл дрондарды Ресей Украинаның үстінде бірнеше жыл бойы қолданған.
Киев бұл әрекет арқылы АҚШ араласатын бейбіт келіссөздерде өз ықпалын арттыруға үміттенеді. Бірақ қазір қатынастар шиеленіскен күйде қалып отыр. Бейсенбі күні Дональд Трамп қайтадан Зеленскийді бейбіт келісімге кедергі келтіретін басты тұлға деп атады, тіпті Владимир Путиннан да маңызды деп пікір білдірді.