Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

Зеленский Донбасстан украин әскерін әкету шартын айтты

Зеленский
Фото: Reuters

Украина президенті Зеленский Донбасс аумағынан украин қарулы күштерін шығару мәселесіне қатысты нақты шарт қойды.

 Оның айтуынша, мұндай қадам тек Ресей тарапы да дәл сондай әскери шегінуге барған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Зеленскийдің сөзінше, әскерді әкету екі жақта да бірдей жүргізілуі тиіс.

 «Егер бір тарап әскерін белгілі бір қашықтыққа шегіндірсе, екінші тарап та дәл сондай қадамға баруы керек. Біз 5 шақырымға кетсек, олар да 5 шақырымға кетеді. Біз 10 шақырымға – олар да 10 шақырымға. Сонда ғана демилитаризацияланған аймақ туралы айтуға болады», – деді Украина президенті.

Оеың пікірінше, ең дұрыс әрі қауіпсіз жол – тараптардың қазіргі тұрған шептерінде қалуы.

Бұған дейін Зеленский Киевтің бақылауындағы Донбасс аумағынан әскерді әкету мәселесін референдумға шығару мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда Politico басылымына пікір білдірген украиналық депутаттар мұндай ұсынысты парламент қолдамайтынын жеткізген.

Осы арада Кремль Донбасстан Ресей әскерінің толық кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұл жағдайда да аймақта ресейлік құрылымдардың қалатынын айтты.

 «Росгвардия, полиция және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін қажет барлық құрылымдар жұмысын жалғастырады», – деді Ушаков.

Оның айтуынша, атысты тоқтату тек украин әскерлері Донбасстан толық шығарылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Ал аймақ, Ушаковтың сөзінше, уақыт өте келе толықтай Ресей бақылауына өтеді.