Зеленский: "ЕО және АҚШ-пен бірге соғысты 2025 жылы аяқтаймыз"
Украина президенті Владимир Зеленский келесі жылы соғысты аяқтаудың «барлық мүмкіндіктерін» байқап көреді.
Бұл туралы ол Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Біз мұны Еуропамен, АҚШ-пен және, әрине, Украинамен бірге жасай аламыз», - деді Зеленский.
Оның айтуынша, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге үлкен қысым көрсетуі мүмкін. Зеленскийдің айтуынша, соғыс "тез» аяқталуы мүмкін", бірақ ол "басқа көшбасшылардың шешімдері мен қатысуына байланысты".
Сондай-ақ, Зеленский АҚШ Киевтен жұмылдыру жасын төмендетуді талап еткен хабарға түсініктеме бере отырып, «шынайы мәселе» халықтың жетіспеуінде емес, Батыстағы одақтастардың жеткілікті әскери қолдау көрсетпеуінде екенін айтты.
Украина басшысының айтуынша, ол Батыстан Украина қарулы күштерінің 10 бригадасын қаруландыруды "бір жылдан астам уақыт бұрын" сұраған, бірақ әзірге олардың 2,5-і ғана қаруланған.
"Егер еуропалық немесе америкалық шенеуніктердің жұмылдыруды жеделдету жоспары болса, мен серіктестеріміздің өз жұмыстарын, ал біз өзімізді істегенімізді қалаймын", - дейді Зеленский.
Сұхбат барысында Зеленский Киевтің елдің бақылауындағы аумақтары «НАТО аймағына» кіргізілсе, соғыстың "қызған кезеңінде" тоқтатуға келісетінін мәлімдеді.
Президент Украина елінің басып алған аумақтарын келісім арқылы қайтара алатынын айтты. Оның айтуынша, НАТО-ға мүшелік Путиннің басқа аумақтарды басып алу үшін «қайтып оралуына» кедергі келтірмейді.