Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:08

Зеленский: “Қалауымыз ескерілмейтін бейбіт келісімнен” соғыс артық

Украина
Фото: Телеграм

 Украина Президенті Владимир Зеленский The Atlantic журналына берген сұхбатында “ел қалауы ескерілмейтін бейбіт келісімнен”, соғыстың жалғасуын жөн көретінін мәлімдеді.

Журналдың жазуынша, Зеленскийдің жақын кеңесшілері Украина үшін бейбіт келісімнің мүмкіндігі қысқарғанына алаңдаулы. Егер осы көктемде келісім жасалмаса, Украинаны бірнеше жыл бойы үздіксіз қақтығыстар күтіп тұр деп санайды.

Сөзінде Зеленский халықты қабылдауға мәжбүрлейтін төмен сапалы келісімді жасауға көнуден гөрі, мүлде келісімге бармайтынын айтты. Ол төрт жыл бойғы толыққанды соғыстан кейін де күресті жалғастыруға дайын екенін жеткізді: "Украина жеңіліп жатқан жоқ", - деді Президент.

The Atlantic жазғандай, Зеленский Дональд Трамптың мотивтерін жақсы түсінетінін, бірақ сыртқы қысымға көнуден гөрі өз қағидаттарына берік екенін көрсетті. Оның кеңесшілерінің айтуынша, Зеленскийге бірдеңе жасау керек десе, ол көбіне керісінше әрекет етеді.

Сондай-ақ, Президент ұжымдық келісімге асықпайтынын, бірақ соғысты тезірек аяқтау ниетінде екенін айтты. Егер Дональд Трамп өзіне бейбітшілік орнатушы ретінде бедел қалыптастырғысы келсе, ол осы мүмкіндікті пайдаланып, Украинадағы соғысты тоқтату керек деп атап өтті.

Бұған дейін Bloomberg басылымына берген сұхбатында Зеленский АҚШ ұсынған Ресеймен келесі раунд келіссөздерін 17 немесе 18 ақпанда өткізетінін хабарлаған. Негізгі тақырып - территориялық мәселелер.

Тегтер: