Зеленский: Киевтің Қырым мен Донбассты қайтаруға күші жоқ
Украина президентінің айтуынша, ол аталған аумақтар дипломатиялық жолмен қайтарылады деп күтеді. Сонымен қатар Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуды қауіпті деп атады.
Украина президенті Владимир Зеленский Украина армиясы Қырым мен Донбассты өз бетімен қайтара алмайтынын айтты. Бұл туралы ол француздық Le Parisien газетіне берген сұхбатында айтты.
Басылым Зеленскийден соғысты тоқтату үшін қандай ымыраға келуге дайын екенін сұрады. «Сіз Қырымнан немесе Донбасстан уақытша бас тартуға дайынсыз ба?» – деп сұрады журналист. Бұған Зеленский былай деп жауап берді: «Украина Конституциясы бізге мұны істеуге тыйым салады, қазір бұл аумақтарды қайтаруға бізде күш жоқ. Путинді келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеу үшін халықаралық қоғамдастықтың дипломатиялық қысымы керек».