Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:26

Зеленский Қытайды Ресейге қару жеткізуде айыптады

Зеленский
Фото: Украина президентінің кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский Қытайды Ресейге қару жеткізуде айыптады. Оның айтуынша, Қытайдың өкілдері Ресей территориясында қару жасау ісімен де айналысатын болуы мүмкін.

Зеленскийдің айтуынша, Украина қауіпсіздік қызметі мен барлау органдары қазір Қытайдың Ресейге қару жеткізуі туралы ақпаратқа ие. Ол, әсіресе, оқ-дәрілер мен артиллерия жөніндегі мәліметтерге қол жеткізгендерін мәлімдеді.

"Меніңше, келесі аптада біз бұл мәселе жөнінде толық мәлімет бере аламыз", – деді Зеленский.

Украина президенті сонымен бірге Қытайдың Ресей аумағында қару өндіруге қатысты әрекеттері мүмкін екенін де ескертті. Қытай Украина-Ресей соғысында ресми түрде бейтараптық ұстанымын сақтап, екі жақты келіссөздер арқылы соғысты тоқтатуды қолдайтынын білдірген болатын. Сонымен қатар, Қытай Ресейге қарсы салынған санкцияларға қосылмады.

Апрель айының басында Украина Қарулы күштері Ресей жағына соғысқа қатысқан екі қытайлық азаматты тұтқындаған еді. Алайда, ресми Пекин өз әскерлерінің Украинаға жіберілмегенін мәлімдеді. Тұтқындарға сұрақ қойған кезде, олар Ресейге ақша табу мақсатында келгенін, бірақ жалған ақпарат арқылы соғысқа тартылғанын айтқан.

Бұл оқиға халықаралық қауымдастықта үлкен дау тудырған болатын.

Тегтер: