Зеленский Қытайдың бес компаниясына санкция енгізді

Зеленский Қытайдың бес компаниясына қатысты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Құжат мемлекет басшысының кеңсесінің ресми сайтында жарияланды.
Санкциялық саясат жөніндегі уәкіл Владислав Власюктің айтуынша, шектеу шаралары ресейлік кәсіпорындарға 2024–2025 жылдары өнім жеткізген жеткізушілерге қатысты қолданылып отыр. Санкцияға іліккендердің қатарында Ningbo BLIN Machinery Co., Ltd және Suzhou ECOD Precision Manufacturing компаниялары бар.
Бұдан бөлек, Central Asia Silk Road International Trade, Shenzhen Royo Technology және Shenzhen Jinduobang Technology секілді фирмалар да тізімге енген.
Санкциялық саясат жөніндегі уәкіл Владислав Власюктің айтуынша, бұл компаниялар 2024 және 2025 жылдары санкцияға іліккен ресейлік кәсіпорындарға өнім жеткізген.
«Бүгін осы жабдықтаушы компанияларға қарсы санкциялар енгізілді. Атап айтқанда, Ningbo BLIN Machinery Co., Ltd және Suzhou ECOD Precision Manufacturing Ресейдің санкция астындағы кәсіпорындарымен жұмыс істеген», - деді Власюк.
Санкциялар шеңберінде бірқатар шектеулер көзделген:
– активтерді бұғаттау,
– сауда операцияларын толық тоқтату,
– қорғаныс саласына қатысты сатып алуларға тыйым салу,
– ресми сапарлар мен байланыстарды болдырмау және басқа да шектеу шаралары.
Санкциялар 10 жыл мерзімге күшіне енеді.
Зеленский бұған дейін де үнемі санкциялар енгізіп келеді, бірақ олардың басым бөлігі ресейлік компанияларға қатысты болған. Мәселен, шілде айында Украина басшысы Ресейге қарсы қаржылық схемаларға, соның ішінде криптовалюта операцияларына бағытталған «ерекше санкциялар» енгізілгенін мәлімдеген.
Маусымда Зеленский Ресейдің бірқатар компанияларына қатысты санкция енгізу туралы жарлыққа қол қойған. Бұл жолы 87 нысан – 52 жеке тұлға (Ресей азаматтары) және 35 заңды тұлға (оның 34-і Ресейдің, біреуі Қытайдың салық резиденті) шектеуге ұшырады.
Мамыр айында да 67 ресейлік компанияға санкция салынған еді, олардың ішінде Қытайда тіркелген кәсіпорындар да бар.
Жарлыққа қосымшада көрсетілгендей, он жыл мерзімге енгізілген бұл санкциялар металлургия, машина жасау, авиация, химия саласындағы бірқатар кәсіпорынды, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен байланысты деп танылған конструкторлық бюроларды қамтиды. Олардың қатарында Арзамас тәжірибелік-конструкторлық бюросы «Импульс», Бүкілресейлік жеңіл қорытпалар институты, Самара металлургиялық зауыты, Соликамск магний зауыты, «Гидроавтоматика» АҚ және басқалары бар.