Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:05

Зеленский НАТО-ға мүше болудан бас тартуы мүмкін

Зеленский
Фото: LUDOVIC MARIN/POOL/AFP

Украина президенті Владимир Зеленский егер АҚШ, Еуропадағы серіктестер, сондай-ақ Канада мен Жапония тарапынан нақты қауіпсіздік кепілдіктері берілсе, елінің НАТО-ға мүше болу ниетін қайта қарауға дайын екенін айтты.


«Біз Украина мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері туралы айтып отырмыз. Нақтырақ айтқанда, 5-бапқа ұқсас кепілдіктер туралы. Сондай-ақ еуропалық әріптестерімізден және Канада, Жапония секілді басқа елдерден де қауіпсіздік кепілдіктері қажет», - деді Зеленский журналистерге.


Сондай-ақ ол Киевтің осы апта басында еуропалық көшбасшылармен өткен кеңестерден кейін жолдаған бейбіт жоспарға қатысты жаңартылған ұсыныстарына Вашингтоннан әзірге ресми жауап түспегенін атап өтті.

Тегтер: