Зеленский Орбанның мекенжайын Украина қарулы күштеріне беретінін айтып, ескерту жасады
Украина президенті Зеленский егер «Еуропалық одақтағы бір адам» Киевке көрсетілетін еуропалық көмекті бөгей берсе, оның мекенжайын Украина қарулы күштеріне беретінін мәлімдеді. Зеленскийдің сөзінің видеосы 5 наурыз, бейсенбі күні Telegram желісінде жарияланды.
Зеленский Виктор Орбан есімін тікелей атамады, алайда агенттіктің кіріспесінде оның аты көрсетілген.
"Еуроодақтағы бір адам 90 миллиард еуроны немесе оның алғашқы траншын бөгемейді деп үміттенеміз, сонда украин әскері қару алады. Әйтпесе – бұл адамның мекенжайын біздің қарулы күштерге береміз, олар оған қоңырау шалып, өз тілінде сөйлессін", – деді Украина басшысы.
Зеленскийдің айтуынша, Украина Брюссель күтіп отырған техникалық шешімдердің дайын болатын мерзімін Еуропалық одаққа әлдеқашан хабарлаған.
Бұл мәселе 19 наурызда өтетін Еуропалық кеңес отырысында қаралуы тиіс. Киев бұл мәселе бойынша оң шешім қабылданады деп үміттеніп отыр.
Венгрияның ветоcы
Венгрия 20 ақпаннан бері Украинаға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі несиелік Еуропалық одақ көмегін бөгеп келеді.
Йоханн Вадефул айтуынша, бұл несие тек Киевтің қорғаныс қабілетіне ғана емес, Еуропадағы бейбітшілікке де әсер етеді.
«Дружба» мұнай құбыры мәселесі
Венгрия өз ветосын былай түсіндіреді: Украина аумағы арқылы өтетін Дружба мұнай құбыры Ресейдің соққысынан кейін зақымданған, ал Киев оны жөндемей жатыр деген уәж айтылады. Соның салдарынан Будапешт Ресей мұнайын ала алмай отыр.