Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

Зеленский соғыс аяқталса, қызметінен кететінін мәлімдеді

Зеленский
Фото: Aaron Schwartz / CNP / Keystone Press Agency / Global Look Press

Украина президенті Владимир Зеленский The Axios Show бағдарламасына берген сұхбатында соғыс біткен соң елді басқаруды жалғастыруды жоспарламайтынын айтты.

Зеленскийдің айтуынша, бейбіт кезеңде президент болу оның мақсаты емес. «Мен дайынмын», – деді ол өз қызметін соғыспен бірге аяқтауға әзір екенін меңзеп. Сондай-ақ ол атысты тоқтату келісімі жасалса, парламентке жаңа сайлау өткізу туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

Сұхбат барысында Украина басшысы Ресей билігіне қатаң ескерту жасап, «Соғысты тоқтатыңыздар немесе жақын маңдағы бомбаға қарсы паналардың қайда екенін біліп қойыңыздар» деді.

Зеленскийдің сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің ресейлік энергетикалық инфрақұрылым мен қару-жарақ зауыттарына соққы беруін қолдап отыр. Ол қосымша алыс қашыққа ұшатын қару жеткізілсе, Украина оны міндетті түрде қолданатынын да ашық айтты.