Зеленский соғыста 45 мың украин жауынгері қаза тапқанын айтты
![Зеленский](/static/img/image.jpg)
Украина президентінің айтуынша, Ресей басқыншылығынан қорғанған елдің шығыны 45,1 мың адамды құрады. Сонымен қатар, ол 390 мың жауынгер жарақат алғанын хабарлады.
«Нақтылай кетейін: жара саны жараланғандар санынан көп, өйткені жарақат алып, кейін ұрыс даласына оралып, қайтадан жараланғандар бар», - деп түсіндірді ол. Зеленский ресейлік шығынның санын да есептеді. Оның айтуынша, Украинаға басып кіру кезінде 350 мыңға жуық орыс қаза тауып, тағы 600-700 мыңы жараланған.
Желтоқсан айының басында Зеленский кең ауқымды соғыс басталғаннан бері 43 мың украин сарбазының қаза тапқанын, ал украин сарбаздарының тағы 370 мың рет жараланғанын хабарлады. Бұл ретте «жаралылардың шамамен 50 пайызы қызметке қайтады, жеңіл және қайталанған жарақаттарды қоса алғанда, барлық жарақаттар тіркеледі».