Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

Зеленский Трамп әкімшілігі ұсынған жаңа бейбіт жоспарды талқылауға дайын – БАҚ

Зеленский
Фото: Aaron Schwartz / CNP / Keystone Press Agency / Global Look Press

Трамп әкімшілігі дайындаған 28 тармақтан тұратын жаңа жоспарда Киевтің Донбасты Ресейге беруі, әскер санын қысқартуы, кейбір маңызды қарулардан бас тартуы және орыс тілін Украинада ресми тіл ету сияқты талаптар бар.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ армиясы министрі Дэниел Дрисколлмен кездесу кезінде Трамп әкімшілігімен жаңа бейбіт келісім жоспары бойынша жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.

Axios басылымының хабарлауынша, Зеленский мен Дрисколл құжаттың «қысқа уақыт ішінде» қол қойылуы мүмкін екенін айтқан.

Басылым дерегіне сүйенсек, Вашингтон Украинадан қазіргі таңда Киевтің бақылауындағы кейбір өңірлерді Ресейге беруді талап етіп отыр. Ал Украина президенті бұл талаптарды бірден жоққа шығармай, келіссөз жүргізуге келісім берген.

Axios мәліметінше, Трамп әкімшілігі Украинадағы соғысты реттеуге бағытталған 28 тармақтан тұратын жаңа жоспар әзірлеуде.

Жоспарда, атап айтқанда:

— Донбасты Ресейге беру;

— Украина армиясының санын қысқарту;

— Маңызды қару-жарақ түрлерінен бас тарту;

— Орыс тіліне Украинада ресми мәртебе беру

сияқты талаптар қарастырылған.

Бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ, алайда халықаралық БАҚ-та үлкен талқылау тудырып отыр.