Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 03 Ақпан 2025

Зеленский Трамп пен Путиннің Украина қатысуынсыз келіссөз жасауы қауіпті екенін айтты

Зеленский
Фото: AP

АҚШ пен Ресейдің Украинадағы соғысты Киевтің қатысуынсыз тоқтату туралы келіссөздері барлығы үшін қауіпті, - деді Владимир Зеленский. Оның пікірінше, алдымен Трамппен кездесуі керек, содан кейін ғана Ресейді тартуға болады.

Ол Associated Press (AP) ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Олардың өз қарым-қатынастары болуы мүмкін, бірақ бізсіз Украина туралы айту қауіпті», - деді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп оның әкімшілігі Мәскеумен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқанымен, оған кімдердің қатысатынын нақтыламаған.

Зеленский оның командасы Трамптың айналасындағылармен жалпы деңгейде байланыста екенін және жақын арада нақтырақ талқылау үшін жеке кездесулер күтілетінін айтты. Сонымен бірге Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогтың қаңтарға жоспарланған Киевке сапары заңды себептермен кейінге шегерілді.

Зеленский Трамп алдымен онымен кездескені дұрыс болар еді деген пікір білдірді. "Мен бірінші кезекте онымен (Трамп - Ред.) кездесу өткізу керек деп есептеймін, бұл маңызды. Айтпақшы, мұны бүкіл Еуропа қалайды", - деді Украина президенті. Америкалық көшбасшымен байланысқаннан кейін «біз ресейліктермен келіссөздердің қандай да бір форматына көшуіміз керек», - деп қосты ол.

Зеленскийдің айтуынша, ол келіссөз үстелінде Украинаны, Ресейді, АҚШ-ты және Еуропалық Одақты көргісі келеді. "Менің ойымша, бұл әділ әрі тиімді болар еді. Бірақ бәрі қалай болады? Мен білмеймін", - деді ол.

Тегтер: