Зеленский Трамппен жаңа келіссөздер жүргізгісі келетінін айтты

Зеленский Дональд Трамппен келіссөз үстеліне қайта оралуға дайын екенін айтты. Украина президенті атысты тоқтату жоспарын алға тартып, ресурстық келісімге қол қоюды ұсынды.
Владимир Зеленский Дональд Трамппен келіссөз үстеліне оралуға және Украинадағы атысты тоқтату жоспарын алға жылжытуға дайын екенін айтты. Бұл сөздерді Украина басшысы сейсенбі, наурыздың 4-і күні X әлеуметтік желісінде жазды.
Зеленский: Мен Трамппен жұмыс істеуге дайынмын
«Украина тұрақты бейбітшілік орнату үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөз үстеліне отыруға дайын. Бейбітшілікті украиндардан артық ешкім қаламайды. Мен және менің командам президент Трамптың күшті басшылығымен тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деп жазды Зеленский.
Ол Украинаға көрсеткен көмегі үшін АҚШ пен жеке Трампқа тағы да алғыс айтып, 28 ақпанда Ақ үйде өткен келіссөздер «күткендей өтпегенін» мойындады.
"Барлығын түзететін уақыт келді. Біз болашақтағы ынтымақтастық пен диалогтың дұрыс болғанын қалаймыз", - деп жазды Зеленский.
"Жер қойнауы ресурстары мен қауіпсіздік туралы келісімге келсек, Украина оған кез келген уақытта және кез келген ыңғайлы форматта қол қоюға дайын. Біз бұл келісімді сенімді қауіпсіздік кепілдігін арттыруға жасалған қадам деп санаймыз және оның тиімді жұмыс істейтініне шын жүректен үміттенемін", - дейді Украина президенті.