Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:22, 20 Наурыз 2025

Зеленский Трамптың әңгімесі атом станциялары жөнінде болғанын айтты

Зеленский мен Трамп
Фото: Брайан Снайдер/REUTERS

19 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский телефонмен сөйлесті. Олардың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған. 

"Талқылаудың көпшілігі Путинмен болған кешегі әңгімеге негізделді. Яғни, Ресей мен Украинаның талаптары мен қажеттіліктерін үйлестіруді мақсат етті" деді Трамп Truth желісінде.

Зеленский Америка президентіне Жиддадағы екі ел делегацияларының өнімді жұмысы үшін алғыс білдірді. Оның сөзінше, екі ел өкілдерінің 11 наурыздағы кездесуі соғысты аяқтау бағытына жылжуға едәуір көмектескен. Трамп оған Ресей президенті Владимир Путинмен болған әңгіменің жай-жапсарын айтқан.

Осы телефонмен әңгіме барысында президент Дональд Трамп Украинаға атом станцияларын басқаруды АҚШ-қа тапсыруды ұсынған. Трамптың ойынша, бұл Украинаның энергетика нысандарын қорғаудың ең жақсы амалы.