Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 28 Ақпан 2025

Зеленскийдің ұшағы АҚШ әуе базасына қонды

Зеленский
Фото: Украина президентінің кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен келді. Оның ұшағы Эндрюс бірлескен базасына қонды.

Америка Құрама Штаттарына барар жолда Владимир Зеленский Ирландияда қысқа аялдама жасады. Ұшақ елдің батысындағы Шеннон әуежайына қонды. Осы аялдамада Зеленский Ирландияның премьер-министрі Мишель Мартинмен кездесті.

Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Кездесу барысында көшбасшылар сирек  металдар туралы келісімге қол қояды деп болжанған.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина лидері Владимир Зеленский жұма күні, 28 ақпанда Ақ үйге барып, АҚШ-тың Украинаның табиғи ресурстарына құқығын беретін келісімге қол қоятынын хабарлады.

Тегтер: