Зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесі өзгеруі мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр.
Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы 2024 жылғы 10 тамыздан 2025 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтатыла тұрсын делінген, - бұйрықта.
Бұл тармақта бұған дейін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, импланттау) бөлу қарастырылған еді.
Оның орнына министрлік біржолғы зейнетақы төлемдерін баласын емдетуге пайдалану мүмкіндігін ұсынып отыр.
"Алушыға өз баласын емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол беріледі", - делінген құжатта.
Құжат 7 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған.