Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:39, 25 Наурыз 2020

Жадымдасың, «Жас Алаш»!

Біз  қиындықты көп көрген аға ұрпақтыңқатарынанбыз. Аштықты да, жоқшылықты да көрдік.

Жетімдікті де бастан өткердік.Кішкентай кезімде соғысқа кетіп, майдан даласынан оралмаған  әкемНұрдәулетті  әлі күнге күтетіндеймін. Қайрананам, шешем Зәкия етегіне жығылып жүріп балаларын асырады. Ол кісі ауырыпқалған кездері базарға шығатынмын. Белім бекіп, бұғанам қатпағанына қарамастан,үйге бір уыс бидай алсам да қуанып оралатынмын. Анамның берген тәлімі мол тәрбиесін әлі күнге ұмытқан емеспін. Бүгінгіжетістігім де әкемді жоқтатпаған анамның арқасы деп білемін.

   Әрі маған дүниеде жақсы жар сыйлаған Аллағаризамын. Құдай қосқан қосағым Мәнзапа шаңырағымның берекесі болды. Балаларымаөте жақсы тәрбие, білім берді. Өзім кезінде партия қызметінде болғандықтан,үйден ерте кетіп, кеш келемін. Сондайда отбасының бар шаруасын тындырып, анамдыда күтіп, өзімнің де жағдайымда жасай білген жақсы адамның алдында басымдыиемін.

    Бұл әңгімені не үшін айтып отырмын? Бұлтөңіректе «Жас Алаш» үнемі тартымды мақалалар жариялайтын. Отбасы берекесіннасихаттап, табысқа жеткендердің қуанышын ұдайы бөлісіп отыратын.  Озбырлыққа араша түсіп, әділдігін айтуғабірінші болып ұмтылатын.

БірдеАқтөбеден Алматыға, қызымның үйіне келгенмін. Немерелерімді ертіп, «Самал»шағынауданындағы сауда орталығында жүрсем, жаныма бір жігіт келе қалды.«Аталарына ұялы телефон алдырып жатқан мына балалар қандай бақытты еді», – дедібейтаныс інішек. «Жас Алаштың» тілшісі Жолдасбек Дуанабаймен осылай таныстық.

–Сізді біржерден көрген секілдімін, – деді ол.

–Теледидарданкөрген шығарсың. Ақтөбе орталығында шу болып жатқан «Нұрдәулет» мешітініңиесімін ғой, – дедім.

  Осыдан кейін анық  таныған ол еркін әңгімелесіп кетті. Құзырлыорындардың озбырлығына өзі де қарсы екенін айтқан Жолдасбек бауырым  «Жас Алаш» газетінде мені қорғап мақалажазды. Қорғайтындай жөні бар еді. Кәсіпкерлікке бет бұрған мен балаларымменбірге қала орталығында қирап жатқан құрылысты аяғынан тік тұрғыздым. Үлкенсауда орталығы қала көркіне айналды. Жанына зәулім мешіт тұрғыздық. Алла үйінеҰлы Отан соғысынан оралмаған ардақты әкем Нұрдәулеттің есімін бердік. Ол жердентүскен садақа жетім-жесірлерге, балалар үйіне, қарттарға таратылды. Әлі күнгеосы тірлікті жалғастырып келеміз. Отбасымызға жақсылық жасаған жақсы газеткенеге қамқор болмасқа деген оймен жылда ондаған газетті ардагерлерге жаздырыпкелдік.

    «Жас Алаш» кеше де, бүгін де ел тәуелсіздігініңтуын биікке көтеріп, ұлттың жоғын жоқтап, кемшілік атаулымен аяусыз күресіпкеледі. Әкімқаралардың қарапайым халықтың қамын емес, жеке бастарының пайдасынойлап кететін жат әрекеттерін жанын шығарып сынайтын да осы газет. Шырылдағаншындықты бетке айтатыны үшін де халық «Жас Алашын»  жақсы көреді. Әрине, шындықты айтқаны үшінкейбіреулерге ұнамауы да мүмкін. Бірақ шындықтың аты – шындық. «Адалдық жүргенжерде адамдық жүреді» дейді дана халқымыз. Жан дүние тазалығын насихаттап,әділдікті қалыптастыру үшін тер төгіп жүрген жасалаштықтарға тек алғысайтқанымыз жөн.

  Қазірменің жасым сексеннен асты. Немере-шөбере бар. Біздің бала кезден бергісырласымызға, жанашырымызға, ақылшымызға айналған газетке өмірдің барлық жақсысәттерін тілеймін. Қандай азаматтар басқарса да, қандай жағдай болса да, текхалықтың сөзін сөйлей берсін! Біздің қатарымызды жас оқырмандар да толықтырыпжатыр деп ойлаймын. Жалындаған жастардың газеті интернетқұмар қыз-жігіттердіңназарынан тыс қалмасы анық. Бұл солардың газеті. Біздің рухымызды көтерген «ЖасАлаштың» келешегі кемел болсын. Келесі наурызда 100 жыл толатын басылымның бағыжанып, жолы бола бергей. Осы орайда, мен «Нұрдәулет» мешітінің атынан «ЖасАлашқа» тегін жаздыруды ұйымдастырамын. Ардагер оқырманның көмегі осы!

Мақсат БАЙЖАРҚЫНОВ,

«Алтын жүрек» сыйлығының иегері,

Ақтөбе облысы мен қаласының Құрметті азаматы

Тегтер: