Жадыра БАЙБҰЛАНОВА: Мен оған жазғым келеді...

***
Неге екен, балалыққа көп оралам,
Ол кезді сағынбайтын бола ма адам?
Жүрекке титтей күдік жоламаған,
Мен әйтеуір, сағынышты содан алам.
Сол менің сайран күнім, сый-күмісім,
Құдай да құтты аяққа құйды ырысын.
Алайда… анам жиі ауыратын,
Басатын көңілсіздік үйдің ішін.
Күн тұрған аспанымда бұлт ұйысып,
Көздерден күлкі атаулы үрки ұшып,
Шулаған алты бала бір бұрышта
Қалушы ек балапандай үрпиісіп.
Жыласақ, орнайтындай жастан дауыл,
Абдырап алты бала басқан бауыр.
Үнсіздік сонда орнаған мұздан суық,
Тыныштық сонда орнаған тастан да ауыр.
Ауырлау естелікті сақтап өстіп,
Балалық шақтан дана шаққа көштік.
Жүректі сонша жүкпен қақтап өстік,
Жүректің дәрілерін жаттап өстік.
Даусыңнан тұтқадағы қырылдаған,
Балалық келді ойыма шуылдаған.
Маматааааай!
Ауырмашы! Бүкіл әлем
Көңілсіз боп кеткендей бүгін маған.
***
Арылам қалай тып-тыныш күйден?
Өртенген дұрыс!
Дұп-дұрыс күйген!
Құтқарыңдаршы домалақ жерден,
Құтқарыңдаршы тікбұрышты үйден!
Тыныштық кейде керек, десе де…
Шығып кетсем бе бөлек көшеге?
Ерін боясам, өзгере ме әлем?
Шашымды қисам, көмектесе ме?
Күй іздеп жүріп, күйікке өтемін,
Жанымды солай биіктетемін.
Төрткіл әлемге сыймай тұрам да,
Төрт жол өлеңге сыйып кетемін.
***
Мен оған жазғым келеді:
Кеудемнен сыртқа тепкенді,
Сезімді, бәлкім, кектерді…
Маxаббаттан да жоғары,
Патшалық құрып кеткенді,
Сағынып жүрмін деп әлі…
Мен оған жазғым келеді:
Таң ата, кейде кеш мүлде,
Қарайған әрбір кескінге,
Елеңдеп, сен боп елестеп,
Елжірегенмен, ешкім де,
Өзіңдей мөлдір емес деп…
Мен оған жазғым келеді:
Әлемде мына күнде шу,
Бек мүмкін емес тілдесу.
Естілер елін мекендеп,
Ессіздеу болып күн кешу
Қиыннан қиын екен деп…
Меноған жазғым келеді:
Болсада сырым сонда әйгі,
Жаныматұнған сор, қайғы,
Жазғымкеледі азабын…
Келеді,
Бірақ болмайды!
Сондықтан өлең жазамын.
***
Адаміздеймін.
Тіріадам…
Жанарыда емес, жыласа жаны жылаған.
Көздеріжалған күлетіндерден жалықтым,
Ойларыжәне кіл арам.
Соншалықбиік болуы керек о кісі,
Соншалықтерең – бөлектеп тұрар сонысы.
Таскереңдергеайтылған сырды қайтейін,
Тыңдағанменен,естімейді екен көбісі.
Айналамтолы құлтемір,
Қарағанменен,көрмейді жанды кіл тобыр.
Тіріадам керек!
Тіріадам іздеп жүргенде,
Өзімді«өлтіріп» тастамас па екен қырт өмір?
***
Ол жаққа мүлде жол жабық дейді,
Бармаймын мен де.
Ол да күтпейді…
Неге онда жанды жегідей тесіп,
Көбелек-көңіл торға үгіттейді?
Жауап алмап па ем жалынғанда – «ұмыт...»
Сарп етер бәрін сағынғанда үміт.
Қалған көңілден ауыр ма, әйтпесе
Қалаға тұтас салынған құлып?
Алдына талай жығылғам барып,
Ұтылып, соны ұғынған – ғаріп…
Ол жаққа мүлде жол жабық дейді,
Ол жаққа жолдар бұрыннан жабық.
***
Дос деп ем… Жауым ба, кім?
Бөтендеу бауырларым…
Мен енді кімге айтамын,
Жанымның ауырғанын?
Сүйемін, сезім деппін,
Ес жиған кезімде ұқтым –
Өзіме өзім жалғыз,
Өзіме өзім көппін!
Бақ бар ма, бес күнде көп?
Сұрама кештің бе деп.
Жадымда талай жан бар –
Жанымда ешкім де жоқ.
Жақыным – жауым, бәрін
Тағдыр деп қабылдадым.
Көшемде – көктем, көктем!
Көңілде – жауын, жауын…
***
Босаттым ішімдегі бір адамды,
Кешірдім кінәларды, күнәларды,
Сөйтті де, өмір мұңнан бір тазарды,
Сөйтті де, көңіл кірден бір ағарды.
Арылып күллі қоңсық, кір-қоқыстан,
Шаттандым!
Жүрегім де күлді оқыстан.
Күтпеймін енді өзгеріс көктем келсе,
Күтпеймін енді хабар жылда құстан.
Орын жоқ тіпті ішімде енді мұңға,
Көз күліп, көңіл тасып, сел қылуда.
Әлемді құшып, сүйіп алғым келді –
Өкпесіз ғұмыр – маған, мен – ғұмырға.
Болса екен ұзағынан осы күндер,
Бәлкім, ел қателік-ау шешімің дер.
Ей,адамдар, бақытты болғың келсе,
Бақытсызқылған жанды кешіріңдер!
***
Аманжүрші…
Недейін басқа саған?
Айтарымкөп болса да, аспас одан.
Қауырсынменжазылған тағдырынан,
Қанатбайлап алса да, қашпас адам.
Көңілсуып тұрса да, күш күрмеліп,
Сағанқарай талпындым ұшқым келіп.
Жатқаайналып кеткен сол жанарыңнан,
Біржалт еткен, қалсам ғой ұшқын көріп.
Қалареді құнсыз боп сонда бәрі,
Әттең,менің қалауым орнамады.
Сенкөктеммен бірге еріп келген жоқсың,
Меніде алтын жалатқан тор қамады.
Жалғызсәтке сыя ма жылдық аңсар?
Қолданкелсе, жүрекке қылбұрау сал.
Бұлкүндері бағым – гүл, торым – алтын,
Менсалатын ән неге мұңдылау сәл?
АҚ КӨЙЛЕК
Айта алмас ғашық кезде қой деп арман,
Асаалмай ар да олардан, ой да олардан,
Есімде…сеніменен кездесуге
Тымаппақ көйлек алғам.
Сүйгенжан соқыр көзді – көрмейді алдын,
Менде сол бір үмітім өлмей бардым.
Есімде…көптен күткен кездесуге,
Сенбірақ келмей қалдың…
Солкүні ұялым да үндемеді,
Солкүннен бастап мені мұң демеді.
Есімде…аппақ сезім айғыз жас боп,
Ақкөйлек кірлеп еді…
Сендегібөтен екен арман, сенім,
Бөтенгебар сезімің арналса – өлім!
Жоқтығынадалдықтың білгенде ғой,
Ақкөйлек алмаушы едім.
***
Көп нәрсе айтсам деп қалғанда кезігіп,
Жүр едім.
Барлығы болды ғой тез ұмыт.
Ал енді жанарда жазылған сөйлемнің
Айтқысы келгенін өзің ұқ.
Жалғызым, жасырған күн мен ай, жер-көктен,
Есіңдене қалды біз кешкен ертектен?
Недеді, есіте алдың ба, кірпігім құлаған –
Біртамшы сағыныш мөлт еткен?
Сорқалың, содан ба, мендегі мұң қалың,
Некерек жасанды әңгіме құрғаның?
Қастарындәл мендей кере алмас сұлуға,
Өзіңебелгісіз не айтып тұрғаның.
Қайтемінқызғанып? Маған тән ой деп біл:
Қызғантқыңкелген жан – қып-қызыл көйлек құр.
… Көзімеқарашы, мендегі маxаббат,
Үнсіздіктілінде сөйлеп тұр.
СӘЛЕМ
Сәлемайттым бұлттан кеше,
Сағанбарып жылады ол.
Жаңбыр-мұңнанқұтқар десе,
Менімұңсыз қыла көр.
Сәлемжолдап құстардан да,
Жібергенмін,барды ма?
Күнұзап, түн қысқарғанда,
Жалғызкелді алдыма…
Сағынышкеп қосылғанда,
Жолдапxаттың жүзін мен.
Сәлемайттым досыңнан да,
Жасымнанда үзілген…
Айтқанымдыжаттап тұрды:
«Жағдайымдыбіліп кет...»
Сағанқарай бақбақ гүлді,
Үрлегенмін
Үміткөп…
Бірқуантып кетсе дедім,
Күнсөне ме күтсе Айды?
Сенкелер ең,
Тексәлемім
Жетпейқалғанға ұқсайды.
***
Екеуміздос емеспіз, дұшпан да емес,
Түсімдеқуандым тек құшқанға елес.
Бақыттыңбағасы кем қонғанда ерте,
Бақыттыңбағасы артық ұшқанда кеш.
Екеумізбейтаныспыз – ескі таныс…
Бірсезім жетпейтіндей бос тұрады іш.
Әрқашанжаныңдамын деген бәрі
Жанымасыйлай алмай еш қуаныш.
Артымақараймын көп, шақырғандай,
Дүдәмалкүйде қонсын ақыл қандай?
Жақынымдеуге сені хақым болмай,
Ешкімімемес деуге дәтім бармай.
Кеудемдетоң боп қалды өткен уақыт,
Жіпсімейжанардан жас төккенде ақық,
Сенқазір бақыттысың ба екен, мені
Себепсізайырбастап кеткен бақыт?
БӨТЕН АДАМ
Сағанайтар сөзім жоқ енді, бақсам…
Кешіргімкеп тұратын, сен жылатсаң.
Алқақылып, аппақ мұң тағар ма едің,
Мойнымдағықап-қара меңді ұнатсаң?
Көздіұнатсаң, ұнатсаң қылықты үнді,
Ашыларма ең…
Кеудеңдеқұлып тұрды.
Терезеңненсығалап, жарық күтіп,
Сынықкөңіл ақыры суып тынды.
Жалғызғана шындық ең бес күндегі,
Өзіңжақтан өзгеше ән естілмеді.
Кешсінмені тамбайтын жас та көзден,
Жазылмайтынөлең де кешсін мені!
Сезімғана өкініп өтеді оған,
Мағансалса, сау жүрсең жетеді, аман.
Сағанайтар жалғыз-ақ сөз қалыпты –
Қошболыңыз, құрметті бөтен адам!
***
Ұмытып жеңілгенді, егілгенді,
Мен сені құлай сүйдім дегім келді.
Сезімді айта алмаудың азабын-ай,
Күрсініп, бар сөзім сол демімде өлді.
Айтуға болмас армен өлшенгенді,
Бұзбадым, бұза алмадым ол шеңберді.
Мен саған қаншама өлең жаздым, бірақ,
Менсаған айта алмадым сол сөйлемді.
Жазғанмен,жазылмады жан дамылсыз,
Қанжұтып, қаншама рет қалғам үнсіз.
Тексені құлай сүйдім дей алмадым –
Қайтейін,сезім де – аппақ, ар да – мінсіз…